Министірлігі


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата20.06.2020
өлшемі381,19 Kb.
#74130
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
КАЗ.ЯЗЫК

  

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 


 

Қазіргі  заманымызда  қоғамға  өз  бетімен  жұмыс  атқаратын,  еркін  де 

кеңінен  ойлайтын,  өздігінен  алдына  мақсат  қойып  және  оған  жетудің  әдіс-

тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман 

тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің 

негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру 

үдерісі жатады.  

Жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  қазақ  тілін  оқыту  тәжірибесінде 

ұйымдастырылатын  студенттердің  өзіндік  жұмысы  келесідей  бөлінеді: 

студенттердің  оқытушының  басшылығымен  орындайтын    өзіндік  жұмыс; 

студенттердің жеке өздері орындайтын өзіндік жұмыс. Студенттердің өзіндік 

жұмысы–  олардың  оқу  танымдық  әрекетінің  ерекше  түрі.  Оның  өзіне  тән 

сипаты  мынада:  бұл  жұмысты  орындау  барысында  оқытушы  жағынан 

тікелей  басшылық  болмайды.  Оқытушы  тек  кеңес  беруші,  көмекші  рөлін 

атқарады. 

 Кредиттік  оқу  жүйесінде  СӨЖ  ұйымдастыру  кезінде  төмендегі 

мәселелерге назар аудару қажет: 

  тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына



  СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау түріне; 

  СӨЖ 


тапсырмаларын 

орындауға 

ықпал 

ететін 


әдістемелік 

құралдардың болуына; 

  СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.  



СӨЖ  ұйымдастыру  және  қабылдау  технологиясы  төмендегідей 

сатылардан  тұрады:  СӨЖ  жоспарлау,  әдістемелік  жағын  қамтамасыз  ету, 

СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту. 

 Жоспарланған  СӨЖ  тақырыптары  мен  қабылдау  түрі,  уақыты,  көлемі 

т.б.  мәліметтер  пәндердің  жұмыс  оқу  бағдарламасында  және  кафедраның 

оқу-әдістемелік  құжаттарында  көрсетілуі  тиіс.  Әр  пән  үшін  СӨЖ  өткізу 

формасы  мен  түрін  таңдауға  оқылатын  пәннің  мақсаттары  мен  міндеттерін, 

студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет. 

Студенттердің  өзіндік  жұмысы  реферат,  баяндама,  шығармашылық 

жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін. 

Студенттердің  өзіндік  жұмысының  нәтижелері    конференция,  іскерлік 

ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет