Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл
үйренушінің
іскерлігін,
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамыту
міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, кәсіби қазақ тілінің білім мазмұнын
құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін
қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық
технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында
жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін
ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |