Курстың құрылымы
Мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары оқу орындарында
«кәсіби қазақ тілі» пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытуға 2 кредит
бөлінген. Кәсіби қазақ тілін оқыту осы көлем аясында қарастырылып, тілді
тереңірек үйрену СОӨЖ, СӨЖ сағаттарында меңгертіледі. Практикалық
сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ материалдары бір-бірімен сабақтастырылып
қарастырылады.
Пәннің мазмұны жаңа когнитивтік-лингвистикалық-мәдени кешендер
арқылы ұйымдастырылады. Оның құрылымды бөлімдеріне жататындар:
- оқытудың деңгейлік мазмұнын көрсететін коммуникативтік сала
(қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби
саласы);
- қатысымның әрбір саласын жүзеге асыратын сөйлеу тақырыптары мен
тақырыпшалар жиынтығы;
- қатысымның қарапайым жағдаяттары.
Достарыңызбен бөлісу: |