Оқылым әрекеті бойынша мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып,
студент:
● оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері
арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
● студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз
көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп
бере білуі қажет. Мәтіннің түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы
мамандық саласы бойынша құрастырылуы тиіс. Мамандық саласы бойынша
берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында студент
төмендегі жайттарды орындай білуі қажет:
● оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; мәтіннің негізгі идеясын
түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● хабарға, апаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере
білуі тиіс.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып
мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен
қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе
білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден
тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби
іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 бет болуы
тиіс.
Студент сонымен қатар:
● мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы
осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды
байыта жаңғыртып, толықтырып, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
● ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық
жүйемен жазбаша құра білу тиіс;
● нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе
тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармалар немесе мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар,
эссе, түйіндеме, пікір жаза алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың
біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай
сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып
бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп айта білуі,
баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Диалогтық сөйлеуде студент:
● айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі
сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз
көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;
● естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық
түрлері бойынша лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр
оқу орны өз бағдары мен жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |