Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін
грамматикалық құзыреттілік
Грамматикалық құзыреттілік дегеніміз – грамматикалық бірліктерді
білу және оны дұрыс пайдалана білу. Типтік бағдарлама тілдің
грамматикалық құрылысын меңгертуді, яғни саналы-коммуникативті
бағдарды басшылыққа алады. Онда грамматикалық құзыреттілікті
қалыптастыруда коммуникативті функционалды қағидатқа басымдылық
беріле отырып, тілдің жүйелілік-құрылымдық қағидасы сақталады.
B
l
– негізгі жеткілікті және В
2
– стандартты кәсіби бағдарлы деңгей
Күрделі сөйлемдер жүйесі. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың
өзіндік ерекшеліктері. Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен
тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі. Сөз тіркесі арқылы сөйлем
құраудың прагматикалық сипаты. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі,
олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктері. Күрделі сөйлем
құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Қазақ сөйлеміндегі интонация
бірлігі. Интонацияның, сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай
алу қызметі; сөйлемнің өзекті талдануы, сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде
бір-бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі; пауза және
синтагма.
Достарыңызбен бөлісу: