В
2
– негізгі стандартты деңгей
Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативті
тапсырмаларды орындай алуы қажет:
кәсіби қатынас саласындағы әр түрлі қатысымдық міндеттерді шешу
кезінде мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды
түсініп, қолдана білуі қажет;
қазақ тілі грамматикасының негізгі заңдылықтарын меңгеріп, оны
кәсіби жағдаяттарда қолдана алу қабілеттілігі;
оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі мен дағдысын кәсіби
қызметте қолдана алу қабілеттілігі;
өз мамандығына қатысты кәсіби жағдаяттарда ойын қазақ тілінде
дәлелді, жүйелі жеткізе білу қабілеттілігі;
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды, БАҚ-тағы күнделікті
жаңалықтан кәсібіне қатысты ақпараттарды түсіну қабілеттілігі;
қазақ тілінде өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алу
қабілеттілігі.
кәсіби терминдермен жұмыс істеу барысында оқығаны туралы өзінің
бағасын бере отырып, пікірін, ойын қазақ тілінде дұрыс айта білу қабілеті.
өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |