Тұлғаның бұлшықеттері - орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді. Арқа бұлшықеттері:
трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.
ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.
Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.
Құрсақтың бұлшықеттері
Құрсақтың бұлшықеттері
Құрсақтың бұлшықеттері
: құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сырткы және ішкі қиғаш, тік және т. б. бұлшықеттер жатады.
Көкіректің бұлшықеттері
Көкіректің ұлкен бұлшықеттері - пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.
сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер - қабырғалардың аралығында орналасқан. Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де тынысалуға қатысады.
ішкі қабырғааралық бұлшықеттер - сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне эсер етеді.
көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және кұрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет. Күмбез тәрізді дәңес жағы кеуде (көкірек) қуысына қарай бағытталған. Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін тесіктері болады. Көкеттің шет жақтарында сіңір орталығы мен бұлшықет будалары орналасады. Көкеттің пішіні күмбез тәрізді болатын себебі: ішкі мүшелердің орналасуына және кеуде қуысы мен құрсақ қуысы қысымының айырмашылығына байланысты.