Тұлға бұлшықеттері: Тұлға бұлшықеттері: 2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері, 4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді. Шеткі қаңқа бүлшықеттерін: алдыңғы аяқ (адамда - қол) және артқы аяқ (адамда - аяқ) бұлшықеттері құрайды. Қол-аяқтар бұлшықеттері эсер ететін буындарға байланысты бөлінеді. Алдыңғы аяқ (қол) бұлшықеттері: иық, шынтық, тізе (адамда - білезік) және бақай (адамда - саусақ) буындарының бұлшықеттері болып бөлінеді. Артқы аяқ (адамда - аяқ) бұлшық еттері: жамбас-ортан жілік, тобық (адамда - тізе), тілерсек (толарсақ) және бақай (адамда - саусақ) буындарының бұлшықеттері топтарына ажырайды. Бұлшық еттер Бұлшық еттер Көлденең жолақты ет ұлпасы -қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет -қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор деп атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады. Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу пигменті - миоглобин болады. Бұлшықет талшықтарының арнайы органеллалары - миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмага қарай шетке ығыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм. Миофибриллалар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш протеиндер - актин және миозин жіпшелерінен құралған. Соңғы аталған протеинді жіпшелерден миофибриллаларды құрап, оларды бекітіп ұстап түратын телофрагмалар мен мезофрагмалар құрылымдарын - титин және небулин протеиндері құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |