«Ґмір тіршілік ќауіпсіздігініѕ негіздері» пјні бойынша дјрістіѕ конспекті пјнніѕ аќпараттыќ мјліметінен ќўрылады жјне адам аєзасына негативті факторлардыѕ јсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік жјне тґтенше жаєдай пайда болу кезіндегі



бет24/71
Дата07.02.2022
өлшемі390 Kb.
#95999
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
80994 (1)

8 Техногенді қауіп
8.1 Механикалық тербелістер:
-діріл – серпінді заттарда пайда болатын кішігірім механикалық тербелістер. Діріл медицинада – діріл массажы және техникада - вибратор кең қолданылады. Бірақ дірілдің әсері кәсіптік науқасқа – діріл ауруына әкелу мүмкін. Діріл науқасының даму қауіптілігі дірілдің 16-20 Гц жиілігі кезінде байқалады. Кәсіптік діріл ауруы машина жасау, металлургиялық, тау-кен өнеркәсіптерінде, көлікте және ауылшаруашылықта даму мүмкін.
Діріл көліктегі 80% апаттардың себебі болып табылады.
Дірілден қорғану шаралары тербеліс көздерінің дірілизоляциясы болып табылады. (рессорлар, серіппелер, серпімді төсем және т.б.)
Санитарлы ережелерімен діріл қауіпті қондырғылармен адамның байланыс ұзақтылығын төмендетуі қарастырылады. [1, с. 135-140; 2, с. 178-183; 3, с. 177-182].
-шу – газды, қатты, сұйық ортада жайылатын механикалық құбылыстарды айтады. 30-35 Дб дейін дыбыстық қысымның деңгейі мен шу адам үшін әдетті дыбыс болып табылады. 75 Дб аса ұзақ уақыт бойы әсер етуі естімеу қабілеттілігіне әкелу мүмкін. 140 Дб науқастық шегі, ал 160 Дб аса өлімге әкелу мүмкін.
Шудың гигиеналық нормативы 12.1003-83 МЕМСТ және «Шудың мүмкін болатын деңгейінің санитарлы нормаларымен» анықталады. Қалалы жерлердің жағдайлары үшін шудың нормалауы «Тұрмыстық және қоғамдық үйлердің бөлмелерінде және тұрмыстық құрылыстар территориясында мүмкін болатын шудың санитарлы нормаларымен» және құрылыс нормалары мен ережелерімен өтеді.ҚНжЕ II-12-77 «Шудан қорғау». [1, с. 141-143; 2, с. 183-187; 3, с. 182-187];
- 16 Гц төмен жиілігімен акустикалық тербелістер инфрадыбыстық деп аталады. Инфрадыбыстың көздері күн күркіреуі, жер сілкінісі, қару атысының жарылыстары болып табылады. Адамның жақсы есту қабілеттілігімен қабылданатын 16 Гц....20 кГц диапозонында болатын ақустикалық құбылыстарды дыбыстық деп атайды. 110 нан 150 дБ дейін дыбыс қысымының деңгейімен ағзаға ультродыбыстың әсері кезінде ОЖЖ, жүрек-тамырлы және дем алу жүйелерде, вестибулярлы анализатор бұзылады, сонымен қатар бас ауруы, бас айналуы, назар және жұмыс қабілетілігінің төмендеуі байқалады.
- 20 кГц аса тербелістер ультродыбыс деп аталады. Инфрадыбыс пен ультродыбыс тербелістері естілмейді. Ультродыбыстың ұзақ уақыт бойы әсері жүйке, жүрек-тамырлы және эндокринды жүйелердің, есту және вестибулярлы анализаторлардың, қанның құрамы мен қасиетінің бұзылуына әкеледі. 80-90 дБ ультродыбыс медицинада микромассаж пен ауыстыру процестердің үдету үшін қолданылады. [1, с. 143-145; 2, с. 187-189; 3, с. 187-190].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет