8.4 Электрлік ток
Адам ағзасы арқылы электрлік ток өткен кезде термикалық, электролиттік, сонымен қатар биологиялық әсер етеді. Осы әрекеттер электрлік жарақатқа (электрлік күйік, электрлік белгі, тері мееталлизациясы, электрлі офтальмия және терінің механикалық зақымдалуы) немесе электрлік соққыға (1 – бұлшық еттерінің түйілгіш қысқаруы, 2 – ессіз қалу, жүректің жұмысы мен дем алу сақталады, 3- жүрек жұмысының және жүрек қызметінің зақымдалуы, 4 – дем алудың жоқтығы және қан айналымы – клиникалық өлім) әкеледі.
Зақымдалмаған құрғақ терінің (15-20 В кернеу кезінде өлшенген) болу кезінде қалыпты жағдайларда адамның кедергісі 3-тен 100 дейін өзгереді, бірақ жағымсыз жағдайларда 1 кОм дейін төмендеу мүмкін.
Алғашқы (сезінетін) 1 мА болып табылады, ал 12-15 мА адам ток көзінен өздігімен кете алмайды және өзінің бұлшық етімен бақылауға мүмкіншілігі жоқ болады. 100 мА өлімге әкеледі.
1 кВ аса кернеумен электр қондырғыларда токөткізетін бөлімдерге қандай болмасын жанасуы қауіпті болып табылады.
Адам денесі (бас-қол, бас-аяқ, қол-қол, аяқ-қол, аяқ-аяқ және т.б.) арқылы токтың өтуге мүмкіншілігі бар барлық жолдарынан ең қауіпті жүрек, өкпе (аяқ-қол), бас және арқа миы (бас-қол, бас-аяқ) болып табылады.
Егер адам жердегі құлаған кернеулі сымның қасында тұрса, онда аяқты бірге косу керек және бір аяқтың табаны екінші аяқтың табанынан шықпайтындай асықпай жүру керек.
Адамның электр тогымен зақымдалу кезінде зардап шеккен адамды тоғы бар өткізгіштен босату керек. Біріншіден, өткізгішті токсыздау керек.Егер оны сөндіре алмаса, құрғақ таяқ, жіп және басқа заттардың қолдануымен зардап шеккен адамды одан босатуға болады. Металдық заттарға жақындамай, киімі құрғақ болатын болса зардап шеккен адамды ұстауға болады. Көмек көрсету кезінде құрғақ тақтайға тұрып, рәзенкелі аяқ-киім киіп және қолды құрғақ матамен орап өзінді құрғақ тақтайға «жерден» изоляциялау керек. Зардап шеккен адамның пульсы мен демі болмайтын болса, онда сыртқы жүрек массажын және жасанды дем беру қажет. Осы шара жүректің жұмысы мен өздік дем алудың қалпына келуіне дейін жасалынады.
Электрлік тоғының зардабынан аман қалу үшін, олардың электрлік желіден сөнгеннен кейін электрлік қондырғылармен жұмысты жасауға рұқсат болады.
[1, с. 152-155; 2, с. 189-222; 3 с. 202-206].
Достарыңызбен бөлісу: |