8.2 Электромагнитті өріс
Қандай болмасын ортада адамның өмір сүруі оған және мекен ортасына электромагнитті әсері байқалады. Электромагнитті өріс пен сәулеленудің табиғи көздері атмосфералық электр тогы, күн мен галактикалардың радиосәулеленуі, Жердің магниттік және элекирлік өрісі болып табылады. Табиға электрлік өрістерімен қатар адам техносфера мен тұрмыс жағдайларында жасанды электрлік өрістердің әсеріне ұшырайды. Адам денесіндегі, киімдегі, заттардағы артық зарядтарының болуынан электрлік өрісі адамның жүйке жүйесіне үлкен жүктеме салады.
Қазіргі уақытта компьютер телевизор немесе микротербелісті пеш сияқты дамыған зат болып табылады. Электромагниттік сәулелену аса зиянды фактор болып табылады, өйткені бүкіл бағытта тарайды және жұмыскерлермен қатар бүкіл қоршаған ортаға әсер етеді. Қауіп ретінде ультрокүлгін және рентгенді сәулеленуі, экрандағы статикалық электрлік заряды және монитордың электромагниттік сәулеленуі болып табылады.
Бүкіл жағдайларда сәулелену деңгейін төмендету үшін мониторды қолданылатын адамның созылған қолының деңгейіндегі арақашықтықта орналастыру ұсынылады.
Экранның 60-70 см дейін оптималды арақашықтықта, бірақ 50 см жақын болмайтындай орналастыру қажет. Көз деңгейі экранның ортасы немесе 2/3 биіктігінде болу керек.
Оқытушылардың дисплейді кластарында жұмыс ұзақтылығы күнге 4 сағаттан, бірінші курстағылар үшін максималды уақыты күнге 2 сағаттан, жоғары курстағы студенттерге – 3 академиялық сағаттан аспау керек.
Компьютермен жұмыс істеу ережелерін сақтамау кезінде тері науқастары, талшықты деңгейдегі қанның биохимиялық реакцияның өзгеруі, репродуктивті функциялардың бұзылуы, сүйек-бұлшық еттің науқастары, стресс, ұйқының бұзылуы және т.б байқалады.
Бірақ электрлік өріс медицинада жағымды қолдануын тапқан – тұрақты электрлік өріспен мөлшерлеп емдеу процестері өткізіледі.
Соңғы уақытта дербес радиобайланыстың қолдануына қызушылық байқалады. Ұялы телефондардың сәулеленуіне күрделі сипаттама беруге болады. Сәулеленудің максималды қуаттылығы шақыру моментінде байқалады. Радиотелефонның жұмысы кезінде біріншіден бастың миы сәулеленеді. Осындай жағдайда микроскопиялық «дәнекерленген» бөлімдер байқалады. Сәулеленудің ұзақты әсері психикалық шалдығуына, мидың биологиялық құрамының өзгеруіне, аллергияның пайда болуына, гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуына әкелу мүмкін. [1, с. 145-148; 2, с. 227-254].
Достарыңызбен бөлісу: |