Үгіп тұр тасты, кенді насыбайдай.
Тетіктен бір жұмыскер жүргізіп тұр,
Өзінің бір жақсы атын қасығандай.
Мырышты алып жатыр илеп нандай,
Қорғасын шыжғырылып еріп майдай.
Арылып арамынан алтын жатыр,
Кілегей сүтке қаймақ ұйығандай49, –
деген жолдардағы теңеу, эпитеттерінің қай қайсысын алсақ та қазақтың сол кездегі өз тұрмысында бар әдет-ғұрпына, салтына түсінікті бейімдеген. Бұл, сөз жоқ, әрбір ұлт жазушысының өзіндік ұлттық ойлауы, бояу нақышы. Тас пен кеннің насыбайдай үгітілуі қазақ оқушысына таныс та, түсінікті жай. Немесе қазақ баласы үшін жылқыдан қадірлі жануар бар ма? Ендеше жұмысшы «өзінің бір жақсы атын қасығандай» станокті қолымен игеріп тұруы да түсінікті. Шыжғырылып еріген майдай қорғасын да, кілегей сүтке ұйыған қаймақтай арамынан арылған алтынның осы суреттеулері де өте әдемі шыққан. Өлеңнің тағы бір жерінде:
Жез бесік, алтын құндақ Риддер жатыр,
Сақтаған бар асылын жүрегінде50, –
деген жолдардағы «жез бесік», «алтын құндақ» қазақ әдебиетінде бұрын көрінбеген, жарастығымен келген жаңа нақыштар еді.
Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сұлу қызды мақтаймын деп иегін алтынға теңеген бір ақынды сынап:
«Сөз айттым» әзірет Әлі, айдаһарсыз,
Достарыңызбен бөлісу: |