Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет46/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Автомобиль, трактор,
Алды қырды, салды ойнақ,
Қазақстан картасын
Теміржолдар шимайлап48,
деген үзіндісі еді.
Осы жолдардағы қырға ойнақ салған автомобиль мен тракторды былай қойғанның өзінде, Қазақстан картасын темір жолдардың шимайлауы арқылы техникалық жетістікті сезіну бұрын-соңды қазақ әдебиетінде болмаған соны, тың бейнелеу екенін көру қиын емес-ті. Карта қазақ ұғымында бұрын болмаған. Мұның өзі жаңа заман жемісі. Ал, сол картаны шимайлаған темір жолдар ақынды қуанышқа бөлеп, рухтандыра түседі, оның шығармасынан мол орын алады. Мұның өзін Ілиястың ақындық дарынының алғырлығы деп білген жөн.
Еңбек тақырыбын, еңбек адамдарының бейнесін, бақташылықты, диханшылықты, өндіріс орындарын жырлағанда Ілияс өзі тұстас басқа ақындар сияқты халықтық образдарды мол пайдаланумен бірге тың бейнелеу, жаңа бояулар тауып отырады.
«Алтын қазан» атты өлеңіне келсек, бұл тек ертегіде ғана кездесетін атау еді.
Өлеңнің «Алтын қазан» деп аталуының өзі ертегінің шындыққа айналғанының куәсі. Жер байлығы – ел байлығы. Жер қойнында жатқан байлықты алу үшін өндіріс орны керек. Ол жаңа ғана пайда болды. Ақын өндірістің дамуын, жер байлығын игеріп, халық игілігіне жаратуды тілейді.
Өндіріс туралы жазылған бұрын-соңды шығармаларда көбіне тарс, гүрстер етек алып, өндіріс орындарының ерекшеліктері станоктердің тасасында қалып, адам үні тарс-гүрстен асып естіле бермейтін. Міне, I. Жансүгіров сол кемшілікке жоламай, өндіріс тақырыбына өзінше келді.


Сақырлап машиналар тасығандай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет