Арпылдаған паровоз,
Қайратты қайсар қара өгіз, –
деп өгізге балайды. Ал, паровоздың қатты жүрісін:
Пысқырып үркек құландай,
Ысқырып жүрдек жыландай, –
деп поезды жүйрік құланға, темір жолды ирелеңдеген жыланға ұқсатып, теңейді.
Сол сияқты I.Жансүгіров комбайнды – құрыш арыстанға, эксковаторды – темір бураға, пароходты – мұзға шөккен мұз бураға теңейді. Енді бірде комбайнды қуға, толқыған егінді теңізге, көлге теңеп, комбайнды көлде жүзген қу деуі, біздіңше, ептеп келетін де сияқты, ал:
Қу дегенге келмеспе
Сабан саңғу, дән құсу, –
деп, саңғу мен құсудан ұқсастық іздеуі тым қара дүрсін, дөкір натурализмге алып келетін теңеулер.
Жаңа құбылысты жаңаша образды сөздер, суреттер арқылы елестетуде қазақ жазушыларының алдында 20-жылдардың екінші жартысы, 30-жылдардың бас кезінде біраз қиындықтар тұрды. Паровозды, тракторды, комбайынды, завод, фабрикаларды айғырға, өгізге, бураға, қуға, құлан мен жыланға, боздаған інгенге т.б. теңеулер, бір жағынан, әлі приметивті болса, екінші жағынан, мұның заңдылығы да бар-ды.
Әрбір жаңаны халықтың ұғымына жеткізе бейнелеу үшін ақындар әр уақытта халықтың өзіне бұрыннан белгілі құбылысқа, өз тіршіліктерінде пайдалы, қадір тұтқан заттарына теңейтін дәстүр бар. Көшпелі тұрмыс кешкен, егін салып диханшылық жасаған халыққа жылқының, өгіздің, түйенің қадірі ерекше болады да, техника түрлеріне олардан артық теңеу боларлық құбылыс табыла бермеді. Ал, осы теңеулердің өзі мән-мағына жағынан қаншалықты ұқсас, жақын оны қалай жақындатып бере білді деген мәселеге келсек, ол ақын шеберлігінің жемісі дер едік. Ал, техника халық тұрмысына мол сіңіп, үйреншікті нәрсеге айналған сайын, олардың өзі ендігі жерде теңеуге, метафораға, эпитетке айнала бастайды. Сарқылмас күші, қажымас қайраты, жауға келсе, шошынтар айбаты бар совет адамының бейнесін ендігі жерде ақын:
Достарыңызбен бөлісу: |