Кей балуан кісі өлгендей, жер шұқылап...
Немесе:
Салбырап бет моншағы балуандардың
Теп тегіс төмен қарап, болды күйеу, –
деп суреттейді.
Қайын жұртына барған күйеу жігіт ізет жасап, ұялып, төмен қарайтын ғұрып бар. Және ауыр қаза үстінде кісі бір-біріне қарай алмай, сөйлесерге сөз таба алмай, төмен қарап жер шұқылай беретін әдет те бар. Міне, осы екі жәй дәл кәзірде қара балуанмен күресуге шыға алмай тұрған балуандардың психологиясын ашу үшін қызмет атқарып тұр. Осы баламалаудан кейін қара балуанның тұлғасы да зорайып, оқушы алдында тым зор, орасан күштің иесі ретінде көрінеді.
Суреттеу тәсілінде ақын синегдоханы да барынша пайдаланады. Бұл әсіресе поэмадағы балуандар күресін суреттеген тарауларда мол, айқын көрінеді. Күреске түскен екі балуанның бірін ақын барынша күшті етіп суреттейді де, оны үнемі: «бір қара», «үңгір қара», «зор қара», «құз қара», «қара қабан», «алып қара», «қара балуан», «өгіз қара», «жүнді қара», «дәу қара» деп отырса, екінші балуанды «үрпек сары», «сары мысық», «сары», «серке сары», «балуан сары», «шеге сары», «тұйғын сары», «шегіртке» деп отырады.
Ілияс поэзиясында жаңа дәуірдің жаңа құбылыстарын бейнелеуде де жаңа сөз образдарын тауып отырған. Мысалы, ақын «Дала» поэмасында:
Қолды мықтап қойғанда,
Бесжылдықтың қомына...
десе, «Нұр алғаны сол шығар» деген өлеңінде:
Жер желіндеп, тау тасып, –
дейді.
Еңбекші бұқараның жойқын күші мен олардың еңбектерінің нәтижесін бесжылдықтың қомы, желіндеген жер, тасыған тауға теңеп, соны сөз тіркестері, жаңа сөз образдары арқылы бейнелейді.
«Алтын қазан» өлеңіндегі Риддер кені туралы:
Сықпалап жезіңізді ірімшіктей,
Достарыңызбен бөлісу: |