Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет95/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Құзғын, қорқау, қамалап,
Айырылғанда сүректен
Жылан, шаян жырмалап,
Айырылғанда керектен, –
деп ит, құзғын, қорқау, жылан, шаяндар арқылы еңбекшілердің адал еңбегін қанап, тәнін жаралаған жемқорларды көрсетеді.
Теңеу, метафораларды кей жағдайларда сөйлемнің мағынасына қарай түсінуге тура келеді. Бұқара халыққа жаны ашымаған адамдарды ақын өгіз, бұқа, ит, құзғын, күшігендерге балағанда бұл мәселеге ол әлеуметтік тұрғысынан келіп отырады.
Ал, «Құлагер» поэмасындағы екі балуанның күрескенін суреттей келіп, ақын балуандарды былай бейнелейді:


Сияқты бірі жуан, бірі жұқа,
Өкіріп, сүзісіп жүр екі бұқа.
Таласты ел алдында екі арыстан
Алысып арс-ұрс етіп сілке-жүлқа...
Немесе:
Екі айғыр бір-біріне салды тісті.

Бұл жерде ақын балуанды бұқаға, айғырға, арыстанға балағанда, жоғарыдағыдай, әлеуметтік тұрғыдан келіп тұрған жоқ. Өйткені екі балуанның екеуі де екі рулы елдің адамы болғанмен халық ішінен шыққан халық өкілдері. Бұл жердегі бұқа, айғыр, арыстан деген бейнелеулер тек жеке бастың күшін көрсетуге қызмет атқарып тұр.


Әрбір нәрсені, құбылысты тәптіштеп суреттей ме, болмаса жинақтап, түйіп айтып кете ме, ол ақынның өзіндік ерекшелігіне, шеберлігіне байланысты, яғни ойдың даму процесі қажет етуіне орай болмақ. Мысалы: мол да көп нәрсені ақын көп тәптіштеп, суреттеп жатпайды, тапқыр да әсерлі сөзбен түйіп, бір-ақ айтып, сурет жасап кете береді. Мәселен, «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың асына қанша малдың сойылғанын ақын:


Еті тау, қымызы көл...
Немесе:


Көл асқа қыр қазағы құстай қаптап, –
десе, сол асқа жиналғандардың ел, ру аттарын, олардың сандарын жеке-жеке тізіп жатпайды. Бүкіл бір руды, не бүкіл бір жерді аймағымен суреттейді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет