Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет92/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Құрығы құба талдың секілденіп,
Төгіліп түсті белге сүмбіл шашы, –
немесе
Тоғайы тұтас томсарып,
Қыздың қолаң шашындай.

Кел жағасындағы, өзен жиегіндегі құба талдың бұтағы суға салбырап, төгіліп тұратын бейнесін ақын қыздың беліне түсіп тұрған қолаң шашына теңеуі де көрегендік, тапқыштық. Ақын қыз шашына ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі эпитеттерді (сүмбіл шаш, қолаң шаш) алып отырғанмен осы бір суреттер, осы бір сөз тіркестері ауыз әдебиетінде көп кездесе де бермейді. Ертедегі:




Жамал қыз еді, қыздың шолпан
жұлдызы еді,
Шашы қолаң, қасы қара, құндыз еді,

деген дайын өрнектерді енді сол күйінде қайталамайды да:




Тасқында тау суындай көңіл жыры...
Көңілі судай тасып, оттай маздап, –
деп көңілдің тасуын судың тасуымен, не тау суының тасуымен дәстүрлі теңеуді ала отырып, Ілияс өзіндік бір лепті сездіріп отырады. Тасқындайтын тек көңіл емес, көңілдің жыры. Көңілдің күйі болса, жыры да болады. Мұнда ақын соны айтып отыр. Тасыған су, тасқындаған тау бұлақтары тек көңіл-күйіне байланысты жерге ғана теңеле бермейді, «күлкісі тау бұлағы төгілгендей» дегенде бұлақ суының сылдыры сұлу қыздың күлкісіне де теңеледі.
Әдетте көлді «айнадай жарқыраған» деп айнаға теңеп отырса, Ілияс «сұлудың көзіндей көл жаудыраған» деуі де ақынның өз қоймасынан алған тың теңеулері.
Ілияс, әсіресе, табиғатты жырлағанда, көлге үнемі бір эпитетті алып отырады. Мысалы, «Күміс сумен жуынып» («Октябрь күні»), «Жұм көзіңді күміс көл» («Көш-жөнекей»), «Күлімдеген күміс көл», «Көк құндақты күміс көл» («Көлге») т. б. Осындағы көлге берілген «күміс» эпитеті әр өлеңде жеке-дара тұрғандықтан көзге түспесе, ақын творчествосын түгел талдағанда оның қайталау екені өзінен өзі көрініп тұр.
Ал, дәстүрлі әдебиетте күн мен түнге, дауыл мен желге, көптеген эпитеттер қолданылса, Ілияс та оны молынан пайдаланып, өз жаңалығын да кіргізеді.
Ақын жағымды, жағымсыз кейіпкерлерінің образын іс-әрекеті, ойы мен пиғылы, характерін ашу арқылы бір көрсетіп отырса, өз көзқарасы арқылы да айқындай түседі. Ақын көзқарасы көбіне бейнелеу тілі арқылы беріледі. Қандай бір құбылыс, зат болмасын оны жағымды не жағымсыз бейнеге теңеп, метафора, эпитет болып қолданылуы ең алдымен оның халық өмірі тіршілігінде атқаратын роліне, тигізетін пайда-зиянына байланысты айтылады. Мысалы, қоға, қурай өсімдіктері халық тіршілігіне онша көп пайдасы жоқ, пайдасы бола қалса да мардымсыз. Өйткені оны мал жемейді, отын етсе қызуы жоқ т. б. Сондықтан да олар көбіне жағымсыз бейнелеулерге қолданылады.
«Күйші» поэмасында Қарашаш қылышын үйіріп, үйсіндерге қаһар көрсеткенде бір рулы елдің өңкей «мықтыларының» одан қорыққанын ақын:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет