Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



бет2/11
Дата02.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#45386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұмытыңыз
Қандай жан деп ойламаңыз сіз мені,

Біраз болды байланысты үзгелі.

Ұмытыңыз бірге жүрген күндерді,

Қалсын өшіп қар астындаіздері.


Маған қойған сыныңызба бұл әлде,

Санамап ем сенімімді күмәнге.

Сізде деген енді жүрек түбінде,

Жылулықтан түк қалмаса, кінәм не.


Барлығының себепкері өщіңіз,

Қателікті мойындайтын кезіңіз.

Көліңізге қонып тұрған аққуды

Үокіттіңіз, қайғыға да төзіңіз.


Сезім – сәттік өткінші деп бір арсыз,

Ұнатсаңыз ұнатқанда шығарсыз.

Уақыт өтер. Сонда менің атымды,

Көңілдегі көлеңкемен сызарсыз.


Не айтайын, булығып түр көрмейім,

Бойды алған ашуды аздап жеңейін.

Сіз сыйлаған гитарама қосылып,

Сізге соңғы әнімді айтып берейін.


20.01.1985 жыл.

Шөлдедім
Көктемгі күн жасырып,

Қою бұлт көшті асығып.

Дүлей жел тұрды батыстан,

Ысқырып, ашу шақырып.


Төңіректен әсем жыр тыңдап,

Қиялмен шарлап қырды астым.

Әйнекке тамған тырсылдап,

Тамшыларменен сырластым.


Көп күттім сені.келмедің

Бір күнім жылдай көрінді.

Үмітпен ғана демдедім,

Жабырқау тарқан көңілді.


Түрткі боп жырға қаламсап,

Жұбатпақ болды, көнбедім...

Өзгені емес сені аңсап,

Ардағым, қатты шөлдедім.


1983 жыл.


Сондықтан мені ұмытпа
Таусылған шақта шыдамың,

Тауқымет тартып қайғы, ойдан.

Алдыңнан сенің шығармын

Сағынышың болып сарғайған.


Жастықтың жалын жалдары,

Оралмайды екен, кім білген.

Сен өзің шыққан қырдағы

Үзілмей қалған гүлмін мен.


«Сен жүрген жерде жауармын

Ақ жауын болып себелеп»,-

дейуші едім саған аяулым,

Өтті де кетті, не керек.


Сезімді сақтап тұнықта,

Көңілді қалған суытпа,

Айналған жанмын елеске,

Сондықтан мені ұмытпа!


1985 жыл.
Күзгі бақ

Сары алтын шашты күзгі бақ

Самалға жүзін тосады.

Аруын тұрған тұнжырап

Аймалағандай қосағы.
«Тәнімді нұрға бөлеп бір,-

дегендей,- малып сақтайын»,

Басқа ағаштан бөлек тұр,

Жабырқау жалғыз ақ қайың.


Жапырақтары сарғайып

Желменен ұшып құлайды.

Мезгілдің заңы, бар ма айып,

Ақ қайың неге мұңайды?


Аңсай ма жазын қалып қойған,

Күте ме алдан көктемін.

Серпілтпек болып қатты ойдан

Қайыңды құшты көкте күн....

Жабырқау қайың күздегі

Ұқсайды қызға кекілді.

Көңілдің кейбір кездері

Күзбенен егіз секілді.


1986 жыл.

* * *
Өмір мені оңашаға көп қалдыра береді.

Нәзік жаным жалғыздаққа бой алдыра береді.

Думандықтан дүйім жұрттың ду-дүрмегін көрмеймін,

Көлдей-көсір ортада-ақ көңілім кеуіп шөлдеймін.


Кім түсінер бұл жанымды елегізіп езілген,

Шатастырып жүрер қайта ессіз есер сезіммен.

Тынышымды қалай табам жүрегімді тулатқан,

Таянышым, тірегім-ау, ем болмаса өзіңнен...


5.03.2003 жыл.

сәрсенбі,1300сағ


Таныс дауыс
Телефоннан мен сенің

Тез таныдым дауысыңды.

Сағындым сен, еңселім,

Төзімім түгел таусылды.


Қарлығыңқы қоңыр үн,

Толастаған жоқ әлі...

Таси түсіп көңілім,

Өн бойым еріп барады.


23.07.1988 жыл.
Ұйқысыз түн

Мен болдым көңілі толмаған өзі үшін пақыр.

Құрғақ өңіме жасымның көлі сіңді ақыр...

Қиялмын жермен жексен боп,

Қараймын көкке-

Қаратау,


Сенің биігің көз ұшында тұр.

Досым да өлең,

Дертім де,

Дұшпаным да-

Өлең.

(Ақындық жолын адаспай ұстадым деп ем...)



Құнарсыз ,

Нәрсіз,


көктеймін,

бүршік атқан соң,

Балконда тұрып

Үсімей, қыста гүлдеген.


Ойдағы шексіз кеңістік әлемді сүзіп,

Батырдым күнді.

Түн...

Монщақ- өлеңді түзіп,



Сан емес сапа сарғайтқан, шыдамай маған,

Жұмылып таңға жарық – Ай көнерді-жүзік...


17.07.2003 жыл.

сәрсенбі, 500 сағ


Қор болды жаным ақымақтарға
«Қор болды жаным....»

Абай.

Қор болды жаным ақымақтарға...

Бостығым емес, бірақ, бұл.

Сорғалап тамып жапырақтарға

Мен үшін жаңбыр жылап тұр...
Жылауық КҮЗІМ! Жек көрем сені,

Ұлы ақын Пушкин сүйгенмен.

Тұлайып бүгін тепкен еңсені

Арыла алман бұл күйден мен.


Жұлқыған желге дала ластанып,

Қарсыласса да бұлқына,

Ағаштар жатыр жалаңаштанып,

Еріксіз көніп ырқына.

Сұп-сұлу бақтың сұрын кетірген

Алай да дүлей өжетсің.

Дем тартып, құлақ гуілге түргем:

«ЖайдардыЖАЗҒА не жетсін.»


Шын достар кетіп сиресе, мендей

Керек емессің ешкімге.

Кет, КҮЗІМ, сен де күйрете бермей

Керуен бұлтпен өш мүлде!...


Қар-бұршағымен, ақ үлпек кей түн,

Көңілдің кірін тазартып,

Кәрін төксе де зәрін төкпейтін

Одан да ҚЫСТЫҢ өзі артық.


Гүл сыйлашы маған

Гүл сыйлашы маған

Табиғаттың көркем

Сырға толы ерке нәзігін.

Гүл сыйлашы маған,

Гүлдеп өтсін өмір

Куәсі боп көңіл жазының.
Гүл сыйоашы маған,

Гүл сыйлашы тәуір,

Тіршіліктен ауыр қажыдым.

Гүл сыйлашы маған,

Сергіп қалсын жаным,

Бойға дарып әнім-азығым.


Гүл сыйлашы маған,

Табиғаттың көркем

Сырға толы ерке нәзігін.

Гүл сыйлашы маған,

Көзге тұнсын көл бір,

Жасыра алмай мөлдір сезімін.


2.10.1994 жыл.

Достық күнтізбесі
Қандай жақсы көп болғаны достардың,

Досы аздың кем пиғылын жақтар кім.

Қаз – қалпында сақтап санаң.

Айналар


Шежіреге

Достармен бас қосқан күн.


Бір – бірінің толтырып сән, сәулетін,

Бауыр санар туған – туыс, әулетін.

Сағынышпен парақтаймын кейде мен

Достар жазған күнтізбенің әр бетін.


Келеміз біз салтты жалғап сол ізбен,

Сол дәстүрден жоқпыз әлі қол үзген.

Әсіресе,

Шуға барған қыдырып

Күндерді айтсай,

РАФ – икпен...не пойызбен...


Көргің келсе мейман болып бар, көргің,

Қонақжайлық «сіз бен біз»-көркі елдің

Думандатып барып қайтар жыл сайын

Бізге ортақ қайынжұрты Шәмкеннің.


Ал Бақыттың ата – анасы, тақ тұрар,

Ондай жандар кездессе де аз сірә.

Дастарқаны кең, қолдары тым ашық,

Шапан жауып, ат мінгізер стына!


Тәтті ниет тілддден шыққан бұлқына,

Қабыл болып қалуы да мүмкін, ә.

Алла берсе, үйленуі керек – ті

Көп күттірген кенже Дулат-Дуклә.


Қалған соң ба жиі барып дәнігіп,

Тағы Шудан қолын бұлғап ақ үміт,

Той болады деген хабар жеткенде

Қуандық – ай, жүрегіміз жарылып.


Бір жүрмесек келмес көңіл-хошымыз,

Төрт көзіміз түгелміз бе осы, біз.

Дайындалып жатқан жолға

Кенеттен

Қалды ауырып Қобыланды досымыз.
Шығамыз деп Шуға жүр ек қиялдай,

Бір тарының қауызына сиярдай

Жүдеп қалған жарын күтіп

Қасында


Қала берді Сағым біді қия алмай.
Қуантса да көзге жасын шылатып,

Дегеніне көндіреді уақыт.

Тұнжыраған екеуіне Әбекең

Тілек айтты бәрімізді жұбатып:


- Көңіліміз неліктен тым босады,

Біздерді алда көп қуаныш тосады,

Тек болайық тірі!

Әттең, жоқ бірақ,

Ортамызда Ғалияның Досаны...

Қалғанымыз болайықшы енді аман,..

Ауру деген әлек екен ең жаман.

Тойда да бір, ойда да бір жүретін

Жұптарымыз жазылмасын,-деді Аман.
Жанға түскен бұл сөз жуып жараны,

Жадыратты. Кірбің көңіл тарады.

Күләтай да риза боп жар сөзіне

Тоханына Сәуле мәз боп қарады.


Асыл жардың қадірін білер кім қанш,

Жұп жақсы ғой жалғыз сауық құрғанша.

Тобымызға соңғы келіп қосылған

Құп жарасқн Мұрат пен Нұрғайша


Әр жанардан сыр оқитын қашан да,

Менің миымжырға мәрмәр қашауда.

Ал Ерболым бар шабытын шақырып

Келе жатыр асабалық жасауға.


Жолы үлкен, ешкімнің жоқ таласы,

Төлен аға Розаның бар панасы.

«Жұбайлардың жырын» шертіп гитармен

Әңге салдыМадинаның анасы.


Қиял құсым шарлап кеткен мың түрлі

Ой әлемін серпіп,

Бір сәт...іркілді.

Марқұм жарын еске алды ма, кім білсін,

Ғалияның көзінде үлкен мұң тұрды...

...Біз келеміз Дүкләнің тойына,

Билейік бір табанымыз ойыла!

Досан сені қызық көр деп қалдырған,

Күл,

Ғалия,


Жымый, кәне,

Мойыма!
1.03.2003жыл.

сенбі, 1400 сағ

Іздеумен келем

Мен сені әлі іздеумен келем

Қиялдың жалғап қанатын.

Әлі үміт жібін үзбей мен келем,

Қорқыныш, елес – қара түн
Іздеумен келем әлі мен сені,

Санамды жаулп елесің.

Жан болып кейде алып, еңселі,

Түсіме келіп енесің.


Іздеймін сені қуарып уйге

Жұмыстан шаршап қайтқанда,

Жаныма батар, жұқарып жүйке,

Қатты сөз бреу айтқанда.


Сарыуайым – мысық атылып, ыршып,

Жүректі тырнап жатқанда,

«Көз» атты көлден мөп-мөлдір бір шық

Кірпікке тұнып қатқанда,

Іздеймін сені.
1987 жыл.

Ойлап қалма

«Мен сені сүймейді деп ойлап қалма»

К.Ахметова

Қараңғыда, кеш көзді байлатқанда,

Ауысқанда түн қимай жайлап таңға,

Мен асықсаң қасыңнан тез кетуге,

Жақсы көрмейді екен деп ойлап қалма.
Қатқақ жолда, көк аяз тайғақтарда,

Сүрінбеймін деуге шын йғақ бар ма?

Қуқыл тартып, бозарып, қабақ шытсам,

Жақсы көрмейді екен деп ойлап қалма.


Ішкі түйсік түсініп дейді ақталма,

(Бірақ, ашу тереңге бойлатқан ба?)

Жақсы, жылы сөз айтсам басқа жайлы,

Жақсы көрмейді екен деп ойлап қалма.


Көп қазбалап, болмашы жайды ақтарма,

Сезімімді сынап көр тойға ап бар да,

Бірақ, бір рет біреумен билеп қойсам,

Жақсы көрмейді деп ойлап қалма!


2.07.1989жыл.

Екінші бөлім


«Жақын


да...

алыс»


«Жамбыл облысының солтүстік шығысына таман Талас ауданы деп аталатын табиғаты қатал, қысы суық, жазы ыстық Мойынқұмның бел ортасына орналасқан, шеті Бетпақдаламен шектесетін өңірде қазақтың дәл өзіндейеңбекті сүйген момын торы ел мекендейді. »

Осы ауданның бел ортасында Талас өзенінің сағасында Үшарал деген ауыл бар... бүгінде сол Үшарал топырағынан өнер-өлең әлемінде Үміт Қыранқызы Битенова келеді...

Үміттің мен бағалайтын ерекшелігі – оның білімділігі білініп тұратын, арзанға аяқ баспайтын өнері мен қарым – қабілеті, сондықтан да болар Үміттің үні құлаққа таныс, талай жүрекке жақын.»

Әбдіманап Бапанұлы Көпберген

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

«Егемен Қазақстан», 28.11.1989жыл.
* * *

«...Үшаралды ақындар ауылы дегенді байқамай айтып қалған жоқпыз. Осы ауылда Үміт Битенова деген ақын қыз тұрады Үміт анасының, ақынжанды жарының ғана емес, Үшаралдың Үміті, бүгінгі Ұлбикесі! Қолда бар алтынның қадірі білмеуден ауызымыз аз күйген жоқ. Үміттің тағдырына құрметпен, қамқорлықпен қарау – Үшарал халқына ауыл ағаларына сын.»


Нарща Қашағанұлы, ақын

«Талас тыныс», 16.09.1989жыл.




Жаңа ғасыр жақсын үміт жарығын
Тарихтағы тоғыз жолдың торабы,

Жабылуға жақын соңғы парағы,

Жаңа Жылға жеткен бізге қол бұлғап,

Жиырмасыншы ғасыр қалып барады.


Жиырмасыншы ғасыр қалды қол бұлғап,

Тарту етіп қазынасын мол, қымбат.

Ашты есігін жаңа ғасыр айқара,

Не күтеді бізді алдан?...

Сол- жұмбақ.
Жүректердің соққанындай дүрсілі

Не айтады сағаттардың тырсылы?

Жымыңдаған жұлдыздардың шоқ жүзін

Жасыра алмас қараңғылық тылсымы...


Таңды таңға, түнді ұластыр күндізге,

Бір жыл емес, жүз жыл емес бұл сізге.

Шежіремен өрген уақыт өрнегін

Мыңжылдықты тоғыстырды күнтізбе.


Өткен – өтті.

Бүгінгі шақ – бұ да сын.

Келер сырынан не ұғасың.

Тілеулерін тілеп жас пен кәрінің,

Күбірлейді қарт қайталап дұғасын...
Аспан ашық.

Сейіліп бұлт, түн – түнек,

Қуанғанда кім көңілін іркімек.

Жатқанда әлем жас ғасырды қарсы алып,

Мені де тек мазалайды бір тілек.
Жорамалдың жасап жүрген талайын,

Жұлдызшадай ортаға ой салайын;

Жаңа ғасыр жақсын үміт жарығын,

Жақсылықпен жүздесейік, Ағайын!


2000 жыл.


Жаңа жыл
Сескенбей қыстың кәрінен,

Қаңтардың ұлпа қарымен,

Жаңа жыл жетті сәнімен,

Ерекше болып бәрінен.

Арудай күлген еркелеп,

Ақшақар қызды жетелеп,

Ақ қырау қызыл шапаны,

Ертіп ап аяз Атаны,

Жұлдыздан моншақ тағынып,

Ақ мамық түнді жамылып,

Төңірекке беріп нұр,

Есік қағып келіп тұр,

Нәресте

Жыл – Жаңа жыл.


Жақындап, кәне, барайық,

Жылды қарсы алайық.

Нәресте Жаңа жыл деген

Келсін бірге күнменен,

Айтылмаған жерменен,

Ашылмаған гүлменен,

Шығыстан атқат таң болып,

Шырқалып шығар ән болып,

Мұңдарға болып бөгесін,

Бақытқа бізді бөлесін.

Өмірдің тербеп бесігін,

Бақыттың ашсын есігін,

Жылдан – жылға көркейіп,

Тіршілік күйін шертейік,

Жарқырап келсін Жаңа жыл!
1985 жыл.

Төрлет, 1989!
Күн нұрымен шағылып қалың қары,

Қыс та келді аяз боп бар іңкәрі.

Жаңа жылды асыға күтіп жүрмін,

Қоңырауы соңғы йдың соғылғаны.


Өзгеше бір әуенмен, бөлек үнмен,

Өтті бір жыл – барлығын жеңе білген.

Өкпелеткен жоқ мені Сексен сегіз,

Сексен тоғыз, сағаг да сенемін мен.


Сенемін, сен көктем боп бүр жарасың,

Күнге ұмсынып, жаз бойы ырғаласың.

Қоңыр күзде кенелтіп молшыдыққа,

Берекелі халқыма Жыл боласың.


Бейбіт жыл бұл! Алаңсыз көз ілінсін!

Таныла бер, тарих та сені білсін!

Терлете бер, Жаңа жыл- 89!

Сен де менің сенімді серігімсің!


28.12.1988 жыл.

Алғашқы жаңа жылдың таңы атқан күн

Ешқашан өлмейтін адамша өмір сүр, ертең

Өлетін адамша ақиретті есіңе сақтап жүр.

(Құран сөзі)
Шексіз-ақ. Құдіретті Жаратқанның...

Алғашқы жаңа жылдың таңы атқан күн.

Жолдасым – рульде, қасына жайғасып-ап,

Тараздан тым асығыс келе жатқанмын.


«Асыққан – сайтан ісі», беске білем,

Басымнан көп нәрсені өткеріп ем.

Бір емес, бірнеше рет аварияға

Ұшыраған сәттерім есте кілең...


Көретін пешенелік пенделік – ай,

Жаратқан неге ақылдан кенде құдай.

Ұстамды адамдағы адал-ойды

Сарыуайым – сабырсыздық жеңген ұдай...


Рахат қой өз көлігің.

Бақыттымыз.

Қар қалың, тайғақ.

Жолға қатыпты мұз.

Ертерек Қаратауға жету керек.

Жұмыстан кешікпейік.

Уақыт тығыз.
Қиын тек қардың жолда қалыңдығы.

(Түйілер шүберекке жаның, түге...)

Шопырлар жүр үстінде бауырмал жұрт,

Жатады біліп бірінің халін бірі.


«Джип» жатыр.

Жолдан шыққан.

Домаланып.

Адамы аман.

Көз жетті оған анық.

«Қам жемеңдер» деген соң, «құдайы» айтып,

Кете бардық аялдап, қарамадық.
Шыққан ба, бүгін жолға сорына кіл.

Кезікті ақ «Москвич» тағы да бір.

Әйтеуір аман.

Тілді каллимаға

Келтіріп,

Жаратқанға жалынамын...


Жолда, әне, Киелі тал,

Не көрмеген.

Бола ма бетті сипап бөгелмеген.

«Өткізген,- дейді аңыз,- тауға жаяу

Әкеп халық жауларын вагонменен...»
...Кетіппіз екеумізде шын ойланып.

Босаңсып қалдық өзі бұлай нағып?...

Ырыққа көнбей рулі,

Машинамыз

Тоқтады...тайып барып, шыр айналып.
Жар болып бір құдайым төбемізде,

Келтірді бірден бізді тәубемізге.

Машина жүрсе – көлік, тұрса – өліе,

Қайтейік, аз болған жоқ әуреміз де.


Бар екен көрер жарық, кім ойлапты.

Ажалдың айтпай келер сыры айғақ – ты.

Алланы ауызға лып жол бойына

Келіп ем,

Мүмкін, сосын...

Құдай қақты!


Деп іштей амандықты сый көріппін.

Тағдырдың тылсын күшін игеріппін...

...Сұм ажал өз есебін түгелдепті

Жолдында –

Түркістан мен Шымкенттің.
Шексіз – ау, құдіретті Жаратқанның...

Үйге кеп жеті шелпек таратқанмын...

...Айырылып Бекзатындай бір ұлынан

Қамығып қазағымның таңы атқан күн...


1.01.2001 жыл, дүйсенбі.
Аңсар
Ауады да тұрады аңсарым ауылға менің,

Ауылда –

Ауылдасытарым,

Бауыр,


Бар елім,

Ауады да тұрады аңсарым.

Жете алмай,

Талай


Ауылға деген сағыныштан ауырған едім.
Аууады да тұрады сенің аңсарың елге.

Аңсаумен қанша ай өткен,

Қанша күн өлген.

Ақкөлден ассаң,

Тиіп тұр –

Ауылға


Бірақ,

Жете алмай қанша шаршадың.

Шаршадым мен де...
Не болды сонда,

Жаным-ау!

Не болды бізге.

Соңғы рет жазда барып па ек,

Қыр асып кетіп, төбеден қызықтап қарар,

Тас жолым қайда,

Жай табан жоғалды із де...
Өткізіп күннің ән мен жыр тыңдаумен көбін,

Көріппіз жастық- бұлықтың жылдармен көзін.

Ербол – ау,

Кімнен сұраймыз?-

Ауылда қап ед...

Жидемен бірге бүр ашқан гүлдәурен сезім,


Жан сырын жазып жат көзден тізген ұрлана,

Айлы түн қайда?-

Жұлдыздар жүзген нұрлана.

Мектепке қарай бара жатқан екі аяқ жолмен,

Бізге ұқсайды екен,

Әне бір қыз бен ұл бала...


«Оралың бар да ойна, күл»,

Жүргесін тойда.

«Ереке, еске алайық бірге осындайды».

Ауылға бармай бәрібір басылмас мауқым.

Құлын мен тайдай тебіскен құрдасым қайда?
Қырыққа келмей жатып-ақ қартайып кеттік...

Ортамыз сиреп, оған да ортайып жеттік...

Көңілін сұрап Сембектің,

Гүлсімнің шайын

Ішейік,

Ербол,


Ауылға тартайық!...

Кеттік!
22.07.2001 жыл,

жексенбі,500сағ

Қаратауға көшерде
Аялдап, менің еркелігімді көтерген талай- Үшарал

Топырағыңды қиналмай қиып кетем мен қалай – Үшарал

Қоштасар кезде арнадым саған арынды өлең – үшарал

Өйткені менде қимастық толы жанымды жеген құса бар.


Белгілі, маған туған жер басқа, кіндік қан тамған жер алыс.

Әкеліп сенің баурыңа салған замана дейтін жел – алғыс.

Нәр алып сенен, көркейіп сана, толықты бойда бұла күш,

Өзіңнен таптым бақытымды да, қайғысыз келген қуаныш.


Сағымды белес, ой-қырың ыстық, қимаймын жерің-суыңды,

Шаттыққа толды мерейім өсіп, қастыққа көңіл суынды

Ақ боранды ауылым, Үшаралым менің, өзіңе жайдым сырымды

Тыңдаушым болдың, балауса, балғын жырларым сенде туылды.


Алыстап сенен кететін кезең келді де, дәм-тұз бұйырып,

Брамын ұшып, өзіңе Ауылым, Аллаға және сыйынып.

Аңсарым кезді самалға тұрар күн қаққан өңді сүйгізіп,

Шіркін-ай, бірге кетер ме алып, құшққа бәрін сыйғызып...

Барады қалып ет-жақындарым, жүрегім шаншып жүдейді.

Жаншылып жаным, кеудеме келіп жылауық сезім түнейді.

Қимаймын сені, көрмегеніммен бір елден артық бір елді,

Өлеңмен өрдім өзіңе деген, Өрнекті Өлкем, тілеуді.


Бәріңнің адал, ақ пейіліңді арқалап кете барайын,

Қайда қалған, атамекеннің қадірін білші АҒАЙЫН,

...Қаланы беткен ап, Қаратау асқан соңғы көш мен – ақ болайын.
1993 жыл 26 тамыз.
Үшаралым менің!

Үшаралым менің, Үшаралым!

Ұлы ұям, самғап ұшар әнім.

Әлемді шарлап кетсем де

Сендей жер қайдан табамын.

Үшаралым менің, Үшаралым!

Жерұйық, жанға жалауым!

Аңсаған шақта өзіңді

Жабырқап тіпті қаламын.
Тәрі етіп заңын даланың

Қинай ма сені заманың,

Кейпіңді көріп жүдеген

Көзімді жасқа аламын.


Жоқ бірақ амалым,

Қауқарсыз қолда қаламым.

Қорғансыз сәби баладай

Қалдың ба, қамсыз қамалым!


Сергітер қайда самалың

Қысты ма қатал қоғамың

Төскейден төлін іздей ме

Қаусаған орны қораның?...


Тоғыз жол тоқтап торабың,

Еңседен басып қара мұң,

Есепсіз елің көшті ме

Тұрғыны болып қаланың.

Ойға алып обал-сауабын

Тарқамас үшін базарың

Қуарған қуаң жеріңе

Жан бар ма салған назарын?


Түіннің табар жауабын, туар деп алдан жаңа күн,

Жұртына сеніп жатсың ба,

Момақан ауыл-аралым!?...
Үшаралым, жаны жаралым,

Дертіңді қайтсем жазамын!

Күні-түні ойдың үстінде

Шырымын көздің аламын.


Алапат сезім мендегі

Серпілтер сені ең кемі,

Мұңымды жырға шғамын,

Қолымнан осы – келгені...


22.04.1997 жыл.
Үшарал – Ақкөл – Үшарал

Жол жүруден азар болдым жалғанда

Көлік күтіп тұру қиын жолдарда,

Амал қайсы, жол жүрмесе іс бітпес,

Бару керек болды тағы ауданғы.
Лық толады қысы-жазы, көктемде,

(Көлік санын көбейтетін жоқ пенде).

Алыс жатқан біздің осы ауылдан

Бір автобус жүреді тек Ақкөлге.


Үлгере алмай қалдым екен, қап, қалай,

Қап, құдайдың алдап мені соққаны ай!

Жұмыс жаққа щаққанымшы бір соғып,

Сары автобус өтіп кетті тоқтамай.


Далбасалап жанұшыра жүгірдім,

Бірақ қуып жетпесімді ұғындым

Сосын қанша көлік өтті тоқтамай,

Жолым болмай қойды менің бүгін дым.


Мүсәпірлік жол үстінде есті алып,

Күй кешпеген шығар мендей еш ғаріп,

Уақыт – жүйрік, ұтылайын ұтылсам

Тек жүрмейін өмірден де кеш қалып.
Оң жағымнан тумаса да өз Айым,

Пешенемнен өзім қалай озайын,

Біреу – міреу ала кетер мінгізіп,

Қыр басына шығып тағы тосайын...


Шықтым қарға ентіксем де тырмысып,

Қақ шекемнен өтіп барады күн да ысып.

Кезікпей-ақ қойды-ау көлік, алдымнан?!

Кесіп өтті ме екен әлде, бір мысық?!..


Тағат таппай жан-жағыма қараймын,

Мен тұрған жер – тұрған жері талайдың.

Қол бұлғайды көк сағым, ал төменде

Ауыл жатыр – алақандай ақ айдын...


25.03.19993 жыл.
* * *

Кіндік қаным басқа жерде тамыпты,

Құжатымда содан белгі қалыпты...

Өсіп – өндім

Бірақ,

Талас жерінде,



Талас мені жалпақ жұртқа танытты.
Киелі елім,

Сүйенерім – таласым.

Таласыма жетпес байлық бар асыл;

Руымда айтпан:

Қыпшық,

Сиқым,


Шымыр мен

Жалғап жүрмін

Ошақты

Ойық арасын.



Жақынға да,

Жатқа да аты жайылған,

Мен –

Таластың туған қызы байырдан.



Бөле жарып бөтенсірдей

Басқадан

Бар ма менің, өзің айтшы, айырмам...
Жасығанда жігерімді жаныған,

Абыройын артық көрген жанынан,

Мендегі бар абзал адал қасиет

Таласымның топырағынан дарыған.


Бәз біреудей бөлектеме мені оғаш,

Мейірімге, содан бәлкім, келем аш.

Қара суға-ақ семіре алам қайғысыз,

Туған елде

Жалаң аяқ,

Жалаңаш.
Тексіздерден

Теперішті көп көрген,

Бойым аулақ.

Бастан жай көп өткерген...

Кетпей асау дариясына өмірдің,

Жүрмін жетіп жағаға

Жыр – өткелмен.


Ерден еркек ойлаймын деп жұрт қамын,

Еркектерше ел намысын жыртқанмын.

Майшелпекше көріп момын халықты,

Майламасын деп масылдар мұрттарын.


Қиянатым жоқ ешкімге түйір, шын.

(Қайта сенің өзің сөзге үйірсің)

Жер жетеді,

Екеуміз де сиямыз,

«Қызғанамын – қызыл итке бұйырсын.»

Арадағы әңгімені ал, ашып,

Құшағы кең,

Жомарт дала –

Талас,

Ұқ!


Туған жердің төсін жүрміз төл еміп,

Не көрінді екеумізге таласып...


10.07.2001жыл, сейсенбі.400сағ.
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет