Ұмытылмас ұлы ерлік «Соғыс – халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан»



Дата18.05.2020
өлшемі15,43 Kb.
#69443
Байланысты:
Ұмытылмас ұлы ерлік


Ұмытылмас ұлы ерлік

«Соғыс – халықтың күш-қуатын,

ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан»

Б.Момышұлы


Ұлы Отан Соғысы! Бұл сөз кез келген адамға соншалықты суық естілетін сөз. Елімізге ең ауыр тиген, көп шығынға ұшырауына себепші болған алапат дүлей.

Кеңес Одағы Германиямен осы соғыс басталмай тұрып бейбіт келісім жасасқанымен, өкінішке қарай олар берілген уәдеде тұрмады. «1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Фашистік Германия Кеңес Одағына ескертпестен шабуыл жасады. Екінші Дүниежүзілік Ұлы Отан Соғысы басталды» – дәл осындай хабарлама Кеңес Одағының әр бұрышында, радиода жарияланды. Сол кездегі бұл суыт хабарды естіген жанның қандай сезімде болғанын айтып жеткізу мүмкін емес.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы  сәтінде –ақ майданға аттанды.

Ақыры бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы біздің ата- бабаларымыздың арасынан батыр әрі ержүрек азамат Жеңіс туын тікті. Ол Рақымжан Қошқарбаев болатын. Ақыры соғыс аяқталды. Сұрапыл әрі қатыгез соғыс аяқталды. Жеңіс біздікі, ал жеңіліс фашисттердікі.

Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан–тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары  аянбай шайқасты. Ақыры олардың  үміті мен  сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл  азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама  ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.  Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған  балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің  рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Олардың саны күннен –күнге азаюда. Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен»  ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен  Мәншүк  апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 27 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге алаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

Тура 75 жыл бұрын сұрапыл соғыс аяқталды. Жыл сайын тоғызыншы мамыр күні біз Жеңіс күнін тойлаймыз. Міне, ата – бабаларымыздың арқасында сұрапыл «соғыс» сөзі ұлы «жеңіс» сөзіне айналды. Біз ата – бабаларымызбен мақтануға міндеттіміз!

Мен ата-бабаларыммен мақтанамын. Осы соғысқа қатысқан әр адамды мақтан тұтамын. Олар ел үшін, тәуелсіздік үшін, біз үшін мәңгілікке көздерін жұмды. Олар елімізді қорғады. Ол адамдардың ерлігі мәңгілік жүректе сақталады деген ойдамын.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет