Ұмытпаймыз ешқашан! Тәрбие сағатының мақсаты



Дата11.02.2020
өлшемі46,45 Kb.
#57620
Байланысты:
ҰМЫТПАЙМЫЗ ЕШҚАШАН

ҰМЫТПАЙМЫЗ ЕШҚАШАН!

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күнінің 71 - жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұмытпаймыз ешқашан» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.



І бөлім: «Өткен күндер естеліктері»

…. Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді


Елназ: Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе,

Сұм фашистен қорғауға ,

Аттан, халқым майданға !

Диас: Ұлы Отан соғысының басталуы Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.



Гүлсезім: Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін «Алға» деді

Амал не көпшілігі оралмады.



Диас: Ашу менен кек оятты ел намысын,

Отанг үшін жан пида болды үлкен сын

Ер азамат жауменген арпалысса

Әйелдер терін төкті майдан үшін



Назерке: Аналар қоштасқанда асылымен

Арулар қош айтысты ғашығымен

Балалықтың базарын ерте жауып

Талай жұмыс істеді бала өркен



Досым: Үдетіп соғыс өрті қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті соғыс әлі бітпей қойды

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы,

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды



Мұғалім:

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасіреті соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.


Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Видео : ҰОС-на Қазақстанның үлесі

Ақмаржан:Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар топталды

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін,

Әлия, Мәншүк ,Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар.



Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады.Әрбір ауыл, әрбәр қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Нілжан:Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Әділет:Қайтпаған жауынан

Қаһариан Бауыржан

Қанішер фашистті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды

Өмірінен үлгі алады.



Гауһар: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі

Әля атты батыр қыз.

Еңлік:Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!



Нілжан: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін

Оқ борап снарядтар қаққан ызың

Қаптаған қалың жадан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын

Қолында пулеметі Максим оның

Бойында күш-жігері тасқын оның



Мұғалім:Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздарыӘлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Видео: «Мәншүк»

Бекзат: Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы.

Әкесінен айырыпты баланы.



Мұғалім: -Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады.Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ.Бала әкесін күте берді, күте берді.

Ән: « Ана туралы баллада».

Диас: Ленинград үшін шайқас

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.



Алтынай,Еркежан : Ж. Жабаев. Ленинградтық өренім

Ленинградтық өренім,


Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…

Шапағат:Сталинград шайқасы. Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Мұғалім: Тақтадағы суреттермен таныстыру.
Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер
Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982 жж.) Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал - майор И. В. Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 - атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды

Ұлы Отан соғы¬сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1941 жылдың қараша айында Оңтүстік - Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын - қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3, 5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер - Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті.


Көк аспанда жаумен алысқан ұшқыштар. Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен. Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 - тамызда Сарыарқаның кең - байтақ даласында, Ақмола облысының өзен - көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 2014 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.
Н. Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды.
Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.
1942 жылы желтоқсанның І9 - да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков - Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.

Хиуаз Доспанова – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төріндегі ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарманы.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады,

Мұғалім:Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Қошқарбаев Рақымжан(1924 — 1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999). 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150 - Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 - сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды



Шапағат: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.

Нұрхас: Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға



Аңсар: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді , алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.



Еділ:Арылтып жаудан жеріңді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіпен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні!


Жеңіс күнін армия қатарында болған, Қазақстанда құрылған 12 дивизия, 3 атқыштар, 1 артиллерия, 1 минометші, 2 авиация полкі, басқа да бірнеше әскери бөлімшелер қарсы алды. 500 - ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның 97 - і қазақтар. Б. Момышұлы, Б. Бейсекбаев, X. Доспанова т. б. қазақстандық батырлар соғыстан кейінгі кезеңде марапатталды.

Слайд: «Әсет Кемпреков»

Нілжан,Диас:Жеңіс мерекесі туралы ақпараттармен таныстырады

Георгий лентасы

Жыл сайын «Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында үлкен - кішіге «Георгий лентасы» таратылады. Бұл дәстүр Ресейде 2005 жылдың наурыз айында басталған. Шараны «РИА Новости» журналисті Наталья Лосева жеңістің 60 жылдық мерейтойының қарсаңында ойлап тауып, оған Мәскеу әкімшілігі мен «Студенттер қауымы» қоғамдық мекемесі қолдау білдірді.


«Георгий лентасы» шарасының басты екі мақсаты бар. Бірі Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіске жетуге септігін тигізген ардагерлерді еске алып, оларды ардақ тұту болса, екіншісі қоғам назарын ардагерлер мәселесіне аудару болып табылады. Ерікті жандар мереке қарсаңында таратқан лентаны алып, оны шара талаптарына сай көлік антеннасы не сөмке бауына байлауға, қол не кеудеге тағып қою керек. Шара саяси және коммерциялық мақсаттарды көздемейді. «Георгий ленталары» саудаға түспейді, тегін таратылады.

ІІ бөлім: Біз білеміз! Ешқашан ұмытпаймыз! Мақтан тұтамыз!

Ән: «Катюша» Бекзат Шапағат

Би: «Синий платочек»

Хор: «Балдәурен»

Хор: «Жас ұландар»

Ән: «Ақ көгершін»
Қорытынды бөлім. Музыка «День Победы»
Монументке гүл қою.

Нілжан: Ардагерлеріміздің ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Шапағат: Дәл осындай жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.



Диас: Соғыс жылдарында құрбан болған отандастарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз. (бір минут үнсіздік, орындарынан тұрып еске алу)

Мұғалім:Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және
елін, жерін қорғаған майдангерлерді Ұмытпаймыз ешқашан!!

Хормен: Енді соғыс болмасын

Қабаққа қайғы қонбасын,

Жер бетін өрт шалмасын.

Әр күні бейбіт таң атып,

Әлпештеп жұртты оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар!

Күле берсін балалар!

Келген қонақтарға оқушылар гүл шоқтарын ұсынады.


Мектеп директорының тілегі. Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет