Іздену ұйымдастырушы
|
Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, билер, сұлтандар басқарған. Қазір Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елімізді елбасымыз басқарады. Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
Біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
Тәрбиеші:
Кең байтақ, туған өлкем Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам.
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Өлеңде не туралы айтылған?
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?
Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан туралы түсінік береді:
Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен. Сол мемлекетте көптеген үлкен-кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де, бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл-қазақ тілі.
Ал, сендер қай тілде сөйлейсіңдер?
Мен қазір сендермен қай тілде сөйлесіп тұрмын?
Басқа қандай тілдерді білесіңдер?
Қазақ тілін қандай тіл деп атаймыз?
Отан туралы жыр-шумақтарды еске түсірейік.
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
Тәрбиеші рәміздер туралы түсінік береді.
Жапсыру:
«Қазақстан Республикасының туы»
Серігіту сәті
Отан, туған жер туралы қандай
мақал-мәтел білесіңдер?
|
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жыр шумақты зер салып тыңдайды.
Тәуелсіз қазақстан Республикасы.
Таушық ауылында.
Отан-менің үйім, елім, жерім.
Отан-тауымыз, табиғатымыз.
Отан-отбасымыз, мемлекетіміз.
Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды.
Балалардың түрлі
жауаптары.
Қазақ тілі-мемелекеттік тіл.
Рахман:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-аудан, ауылым.
Жасұлан:
Отан-туған үйіміз,
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз,
Отан көңілді ән, күйіміз.
Әдемі:
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұрғызды,
Ұлы қала өзіндей.
Марғұлан:
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім, туған елім,
Күн сәулелі Қазақстан.
Рухия:
Елімнің атын айтсам-Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам-Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған екен,
Байлығым, атын айтсам-Қазақстан!
Ту, елтаңба, гимн.
Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды.
Тәрбиешінің нұсқаулығын орындайды.
Топ-топ, топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жайна-жайна алтын күн,
Жайна-жайна жарқын күн.
1 бала:
Өз елім-өлең төсегім.
2 бала:
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
3 бала:
Отан-оттан да ыстық.
|
Рефлексті коррекциялау
|
Еліміз қалай аталады?
Рәміздерді ескі түсірейік?
Отан туралы тақпақтар?
Қонаққа кім келді?
Тәуелсіздікке неше жыл толды?
Мадақтау
Тәрбиеші:
Өркениетті ел боламыз келешек,
Шет елдерге болмаймыз біз берешек.
Екі мың отыз келген кезде бұйырса
Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз.
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз.
Ән «Көк тудың желбірегені».
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
|
Балалардың жауаптары.
Ән орындалады.
|