Күні: 15.01.2017
|
Мектеп: Благодар ОМ
|
Мұғалімнің есімі: Баймырзаева Т.К
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
В дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша сұраққа жауап беру;
1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып, жай сөйлемді құрастыру және жазу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Берілген тапсырмаларды орындай алады.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба, бейнежазба, интерактивті тақта.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Вагон-вагон, велосипед-велосипед- bicycle, трамвай-трамвай-train, автобус-автобус-bus
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Шаттық шеңбер:
-«Егер менде сиқырлы гүл болса...»
Класты топқа бөлу. Пазлдарды құру арқылы. (вагон, велосипед, автобус, трамвай).
-
осы сөзде неше буын бар?
-
неше әріп, неше дыбыс бар?
-
дауысты дыбыс нешеу, дауыссыз дыбыс нешеу?
-
қандай сұраққа жауап береді?
-
үш тілде айту.
-
берілген сөздерден сөйлем құрайық.
|
Шаттық шеңбері (Гүл шоғы)
Көліктер суреті, текшелер
|
Сабақтың ортасы
|
Тыңдалым – бейнеролик «Вокзалда».
Суреттен не көріп отырсыңдар?
-Онда барғандарың бар ма?
-Хамит қайда келді? ( темір жол вокзалына )
-Вокзалдан кімді күтті? ( Әжесін )
-Әжесі немен келді? ( поездбен )
-Хамиттің әжесі қай қаладан келді? ( Астана қаласынан)
Мұғалімнің түсіндіру жұмысы.
Тақырыбы: В әрпі және дыбысы. (бейнеролик)
Топтастыру әдісі: В әрпі және дыбысы.
Оқылым. Өрмекші торы әдісі: Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз. (жасыл, Санжар, әтеш, автобус, құмыра, өрмекші, қоян, қою, телефон, шегіртке)
|