Мм №10 мектеп – балабақша



бет2/14
Дата06.02.2022
өлшемі232 Kb.
#79927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
0005e886-abc77c9f

Алғы сөз


“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата – аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.


Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша дидактикалық ойындар сипатталған.
Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін дидактикалық ойындарды пайдалану қажет.
Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.
Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.
Осы құралдың көмегімен балалардың математика саласындағы құпияларын танып, жаңалықтар ашады.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа бауылу, ойлануға, талдау жасауға, үйренуің, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет