Мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн



бет4/9
Дата22.09.2023
өлшемі85,86 Kb.
#182094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
көмекші сөз 3

ет және қыл етістіктеріне тән емес. Ет етістігі еліктеу сөздерден де құранды етістік жасайтын қызметке ие: бұрқ ету, сарт ету, т.б..
  • Сонымен, ет, қыл, бол етістіктері сөзжасамдық қабілетке ие көмекші етістіктер. Бұл қасиет оларды басқа көмекші етістіктерден ерекшелендіретін басты белгі.
  • Е- көмекші етістігі (тарихи тұрғыдан ер көмекші етістігенен қалыптасқан) – тілімізде емес, екен, еді тұлғаларында жұмсалады.
  • Уақытша көмекші етістіктерге тілімізде бірде дербес лексикалық мағынасымен жұмсалып, толық мағыналы сөз ретінде қолданылатын, бірде басқа толық мағыналы етістіктің жетегінде келіп, лексикалық мағына білдірмей, жетекші етістікке қандай да бір грамматикалық мағына үстейтін аналитикалық форманттың құрамында келетін етістіктер жатады. Мысалы, Кітабын сөмкеге салды деген сөйлемде етістік затты бір орыннан қозғап, екінші бір ыдысқа ауыстырғанын білдіретін лексикалық мағынада, яғни толық мағында жұмсалса, Ойындағысын айта салды деген сөйлемде
  • Қазақ тіліндегі уақытша көмекші етістіктерге: ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жат(ыр), жөнел, жүр, жібер, кел, көр, қал, қой, отыр, тұр, өт, сал, таста, түс, шық сөздері жатады. Бұлар есімше, көсемше немесе етістіктің басқа қосымшаларымен бірлесіп, құранды күрделі морфологиялық түрлендіруші тұлғаға (аналитикалық формантқа) айналып, етістікке қосылғанда, етістіктің аналитикалық тұлғаларын (формаларын) қалыптастырады. Қосымша мен көмекшіетістіктен тұратын аналитикалық форманттардың грамматикалық мағыналары етістіктің әр түрлі грамматикалық категорияларының пардигмасына енеді.
  • Шылау. Шылау – лексикалық мағынасы жоқ, өзі қосылған сөзді, сөйлемді түрлендіретін (грамматикалық мағына жамайтын), бірақ өзі түрленбейтін көмекші сөздер. Көмекші сөздердің түрленбеуі – оларды басқа көмекші сөздерден ( көмекші есім мен көмекші етістіктен) ерекшелендіретін, жеке сөз табы деп тануға негіз болатын басты белгісі.
  • Шылау сөздер үшке бөлінеді: 1) жалғаулық шылау, 2) септеулік шылау, 3) демеулік шылау.
  • Шылау сөздерді бір бірінен ажыратуда синтаксистік қабілеттері басты белгі болады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет