Мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн


Сияқты (секілді, тәрізді, сынды)



бет7/9
Дата22.09.2023
өлшемі85,86 Kb.
#182094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
көмекші сөз 3

Сияқты (секілді, тәрізді, сынды) септеуліктері есімше етістіктер мен етістікті сөз тіркестеріне тіркесіп келгенде, сын есімдер мен адъективтенген сөздерге (сөз тіркестеріне) тіркесіп келгенде, сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен айырылып, субъективті модаль мағынасына, сөйлеушінің көзқарасына қатысты жорамалдау, бағалау мағыналарына ие болады. Жағдайы жақсы сияқты, Мұрат іссапардан келген сияқты, т.б.
  • Дейін (шейін), қарай, таман, жақын (жуық, таяу, тарта, салым) септеуліктері қазір септеулік шылау қатарына өткен сөздер болғанмен, ертеде барыс септігіндегі сөзді меңгерген толық мағыналы есім немесе етістік болғаны даусыз. Қазір бұлар барыс септігіндегі сөзге тіркесіп келгенмен, барыс септігіндегі сөздің үстіне жаңа бір грамматикалық мағына жамамайды, зат есімге барыс септігімен бірігіп, тұтас бір грамматикалық мағына жамайды. Басқаша айтсақ, барыс септігі мен аталған септеуліктер бір грамматикалық тұлға, оған дәлел – септік жалғауы мен септеулік шылау сөзге әрқайсысы жеке-жеке грамматикалық мағына жамамайды, екеуі қосылып бір ғана грамматикалық мағына жамайды. Бұл – белгілі бір септік жалғауындағы (барыс, шығыс, көмектес септігіндегі) сөздерге тіркескен барлық септеуліктерге тән құбылыс.
  • -Ге дейін форманты өзі жалғанған зат есімге, заттанған сөздерге, сөз тіркестеріне зат қимылдың бағытының жасалу шегі екенін білдіретін грамматикалық мағына жамайды. Мысалы, Үйіне дейін екі өкпесін қолына алып, жүгіріп келді. Осы формат мезгіл мәнді зат есімдер мен сөз тіркестеріне қосылғанда, зат есім атаған мезгіл қимылдың уақыттық шегі екенін білдіретін грамматикалық мағынаға ие болады: Астықты жаңбыр басталғанға (басталатын кезге) дейін жинап алу керек. Келер жұмаға дейін жауабын күт. Кейде бұл формант сөзге демеулік шылауға тән күшейте шектеу мағынасын жамайды: Рақымбайға шейін ... есеңгіреп қалған сияқты.
  • -Ге қарай форманты өзі жалғанған сөзге зат қимылдың жалпы бағдары екенін білдіретін грамматикалық мағына жамайды. Мысалы, Көш жайлауға қарай бет түзеді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет