Бас сүйегінің ақаулары. Даму аномалиясының бұл түрінде бас сүйектерінің жетілмей қалуы нәтижесінде бас сүйегі әртүрлі ұсқынсыз пішінді болуы мүмкін (23-сурет). Бұл ақаулардың біліну дәрежесі әртүрлі болып келеді. Көп жағдайда бас сүйегінің пішіні өзгергенімен, бұл кезде жүйке қызметінің бұзылуы болмайды. Алайда, кейде бас пішінінің мұнара тәрізді түрде өзгеруі кезінде көру қызметінің нашарлауы байқалуы ықтимал. Өйткені бастың осындай пішінге өзгеруі бас сүйегі негізінің нашар дамуының салдарынан болады да, бұл жерде орналасқан тесіктердің тарылуынан көру нерві қысылып, атрофияға ұшырауы мүмкін.
31