Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының жіктелуі


Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының жіктелуі



бет3/9
Дата15.12.2021
өлшемі122,43 Kb.
#101229
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-96024

1.2 Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының жіктелуі
Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының технологиялық сұлбасын мұнайды өңдеудің нақты –отынды немесе отынды майлы нұсқасын жетілдіру үшін қолданады.Мұнайды отынды нұсқа бойынша терең емес өңдеуін АҚ (атмосфералы-құбырлы) қондырғыларында; ал терең өңдеу кезінде АВҚ (атмосфералық- вакуумды құбырлы) қондырғыларында жүргізеді.Егер АҚ қондырғылары атмосфералық блогтан тұратын болса, АВҚ қондырғылары – атмосфералық және вакуумдық блогтарынан тұрады.Мұнайды өңдеу нұсқасына байланысты отынды және май фракцияларының әр түрлі ассортиментін алады, АҚ қондырғыларында мұнайды терең емес отынды нұсқасы бойынша өңдеу кезінде моторлы отындардың компоненттерін және қалдықта –мазутты (қазандық отын) алады.Мұнайды терең отынды нұсқа бойынша өңдеу кезінде атмосфералық блогта бензинді, керосинді және дизельді фракцияларды алады, ал мазутты әрі қарай вакуумдық айдау блогында өңдейді. Бұл кезде кең дистиллятты фракциялар және гудрон түзіледі, ақырғысын крекинглейді.

1-Сурет. Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының сұлбалары:



отынды нұсқа бойынша терең емес өңдеу АҚ (а), отынды нұсқа бойынша терең өңдеу АВҚ (б) және отынды-майлы нұсқа бойынша (в):

1-атмосфералық мұнара; 2-кептіру секциясы; 3-вакуумдық мұнара;
Мұнайды тұзссыздандыру және суссыздандыруымен біріктірілген екі сатылы вакуумдық айдау АВҚ қондырғысы (2- сурет).

2-Сурет. АВҚ қондырғысының комбинирленген сұлбасы:



1- электродегидратор; 2-тұрақтандыру мұнарасы; 3-атмосфералық мұнара; 4-кептіру секциясы; 5-1-сатылы вакуумдық мұнара; 6-II сатылы вакуумдық мұнара;I-мұнай; II-жеңіл тұрақталған бензин; III-сұйытылғангаз;

IV-көмірсутекті газ; V— ауыр бензин; VI—су буы; VII—керосин; VIII— жеңіл дизельді отын; IX— ауыр дизельді отын; X— жеңіл вакуумды газойль; XI— конденсацияланбайтын газ және вакуум түзетін жүйеге жіберілетін су буы; XII —жеңіл майлы дистиллят; ХШ— орташа майлы дистиллят; XIV — ауыр майлы дистиллят; XV— гудрон (деасфальтизацияға); XVI — кең май фракциясы: XVII— ауырлаған гудрон (асфальт).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет