Мүнай кен орындарын суландыру қабаттан мұнайды сумен ығыстыру және берілген тереңдікте қабат қысымын ұстап түру үшін қолданылады.
Көбінесе қолданылатын суландыру әдістеріне келесілер жатады : ұңғылар орналасуы қатарлы , блокты - қатарлы , ауданды схемада болғанда нұсқа ішімен және нұсқа сыртымен су айдау .
Механикалық заттардан ( мех примесь ) тазаланған суды жоғары қысымды сораптардың көмегімен мұнайлылық ауданы бойымен орналасқан су айдау ұңғыларына ( нұсқа ішімен су айдау ) немесе мұнайлылық ауданның сыртында орналасқан су айдау ұңғыларына ( нұсқа сыртымен су айдау ) . Суды бір уақытта бірнеше су айдау ұңғыларына ( топ-куст ) айдайды . Сол себепті мұнай қабаттарын суландыруға қолданылатын сорапты станцияларды топтық сорапты станциялар деп атайды . Қабатқа айдалатын судың сапасын келесі параметрлер бойынша анықтайды . Орташа алғанда , судың бойындағы майда бөлшектер көлемі өткізгіштігі төмен қабаттар үшін 5 мг / л - нан , ал өткізгіштігі жоғары қабаттар үшін 20 мг / л - нан аспауы шарт .
Қазіргі таңда игеріліп жатқан кен орындарды суландыру дүние жүзінде ең кеңінен тараған әдіс. Қазақстанда және Ресей Федерациясында 90 % аса өндірілетін мұнай суландырылатын кен орындардан алынады . АҚШ - та мұнадай кен орындардан мұнайдың маңызды бөлігін өндіреді.
Ерітінді ретінде қабаттан мұнайды ығыстыру үшін спирт , эфир , күкірт және т.б. қоспалар қолданылады . Бірақ суды және ауаны табиғи газ негізінде және екі көміртек қолдану арзанырақ болады . Сонымен су жай қабаттарда мұнаймен араласпайтынын ескеру қажет . Мұнайды жер қойнауынан алу пайда болу ол қабат ішілік жануға әкеледі . Қабаттан мұнайды ығыстырғыш еріткіш ретінде спирттер , эфирлер , күкіртсутек және т.б. қолданылады . Бірақ бұлар қымбат заттар болып табылады . Ауа , су , кейбір жағдайларда табиғи газ бен көміртек қос тотығын пайдалану арзанға соғады . Сонымен бірге, қарапайым қабат жағдайларында су мұнаймен араласпайды , қабатқа ауаны айдау басқа процесс қабатiшiлiк жанумен мұнайды ығыстыруды ескеруіміз қажет . 50 және 60-жылдардың басында қабаттан мұнайды ығыстыру үшін мұнаймен араласатын заттар ретінде көмірсутекті еріткіштерді – сұйытылған проган , газ конденсат , бензин және қабат бойымен су немесе құрғақ газбен қозғалатын тығын немесе жиек түріндегі , т.б. еріткіштерді қолдану ұсынылған.
Қазіргі там да мұнай кен орындарын игерудің физико-химиялық әдістері барынша зерттелген және тәжірибеден өткізілген . Атап айтсақ мұнайды қабаттан көмірсутек ерітінділерімен және көмірқышқыл газымен ығыстыру әдістері.
Мұнайды ығыстыру үшін құрамы 65 % метан және 35 % этан-пропан фракцияларынан тұратын газдарды және де байытылған газдарды ( 35 % метан және 65 % этан-пропан фракциялары ) қолданады . Мұнайды ығыстыру кезінде соңғы мұнай бергіштік 60-70 % және одан да жоғары шамаға дейін өседі .
Пайданылған әдебиеттер 1. МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ/А.Т.Қартабай Е.С. Орынғожин А.К. Есімханова Алматы 2013
2. Нұрсұлтанов Ғ.М. , Абайұлданов Қ.Н. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу
3. Ахметжанов Т.К., Қартабай А.Т. Ақашев Б.Т. Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
4. http://rmebrk.kz/bilim/kartabai-munai-ken.pdf