Математикалық модельдеу экономикалық жүйелерді зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Өйткені экономикалық жүйелер күрделі мөлшерлік өзара байланыстармен сипатталады, сонымен бірге оларды айнымалылардың өзара байланысы ретінде және теңдеулер мен теңсіздіктер түрінде көрсетуге болады.
Модель және моделдеу ұғымдары
Экономикалық-математикалық модель экономикалық жүйелерде мөлшерлердің немесе үдерістердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін математикалық түрде сипаттауды білдіреді Математикалық модель – нақты объектіні, оның сипаттамасының құрамдастарын және олардың арасындағы өзара байланысты сипаттайтын математикалық формулалар жүйесі.
Математикалық модельді құру үдерісі математикалық модельдеу деп аталады. Экономикалық объектіні модельдеу және оның математикалық моделін құру өндірістік үдерістерді экономикалық талдауды математикалық талдауға және тиімді шешім қабылдауға айналдырады.
Біз экономикалық-математикалық модель құру үшін: 1) объектінің ақпараттық дерекқоры; 2) объектіні сипаттайтын өзара байланыстарды теңдеулер мен теңсіздіктер түрінде көрсету;
3) тиімділік өлшемін таңдау және оны математикалық арақатынас - мақсатты функция түрінде көрсету Экономикалық-математикалық модельдерге шектеулер жүйесі, мақсатты функция кіреді. Шектеу жүйесі баланстық теңдеулер немесе теңсіздіктер деп аталатын жекелеген математикалық теңдеулерден немесе теңсіздіктерден тұрады.
Мақсатты функция модельдің әртүрлі мөлшерлерін өзара байланыстырады. Әдетте, мақсат ретінде экономикалық көрсеткіш (пайда, табыстылық, өзіндік құн, жалпы өнім және т.б.) таңдалады. Сондықтан мақсатты функцияны кейде экономикалық, өлшемдік деп атайды.
Оңтайлылық өлшемі – мақсатты функцияның көмегімен көрсетілетін экономикалық көрсеткіш. Оңтайлылық өлшемі мен мақсатты функция ұғымдарын шатастыруға болмайды.
Өлшемдердің бірі – барынша азайтылатындар (еңбек шығындары, жалпы шығындар, өзіндік құн және т.б.), басқалар – барынша көбейтілетіндер (пайда, жалпы өнім, түпкілікті өнім жиынтығының саны және т.б.).
Экономикалық жүйелер мен үдерістерді математикалық модельдеу мына кезеңдерден тұрады: объектіні маркетингтік зерттеу;
кіріс ақпаратты дайындау;
математикалық модель құру;
мәселені шешудің математикалық әдісін таңдау;
мәселені ЭЕМ-да шешу;
нәтижелерді талдау және модельді нақтылау;
зерттелетін экономикалық жүйе үшін шешім қабылдау.
Назарларыңызға рахмет!!!