3-сабақ Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы
ТЫҢДАЛЫМ 1-тапсырма. Төменде берілгенсөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз. ғаламдану – глобализация
халықаралық қатынастар – международные отношения
аймақтандыру және ғаламдастыру процестері – процессы регионализации и глобализации
халықаралық саяси жүйе – международная политическая система
геосаяси күштер – геополитические силы
әлемнің ғаламдық проблемаларын шешу – решение глобальных проблем мира
ядролық қарусыздану – ядерное разоружение
халықаралық құқықты прогрессивті дамыту – прогрессивное развитие международного права
адам құқығын сақтау саласы – сфера соблюдения прав человека
ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес – борьба с организованной преступностью и наркобизнесом
БҰҰ – ООН
ЕҚЫҰ – ОБСЕ
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы – Организация экономического сотрудничества
сыртқы берешек проблемаларын реттеу – регулирование проблем внешней задолженности
ішкі ақша айналымын тұрақтандыру – стабилизация внутреннего денежного оборота
қаржылық ресурстар тарту – привлечение финансовых ресурсов
халықаралық ұйымдар – международные организации
Халықаралық Валюта қоры – Международный валютный фонд
Дүниежүзілік банк – Всемирный банк
Еуропалық Қайта құру және Даму банкі – Европейский банк реконструкции и развития
Азиялық Даму банкі – Азиатский банк развития
Ислам Даму банкі – Исламский банк развития
ОҚЫЛЫМ 2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінеді.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді (Қ.Тоқаев).