Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет80/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ
Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған. Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.
Қазақстан экономикасы әлемдегі ең жедел дамушы экономикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.
Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатыр, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән. Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше, қол жеткізу мүмкін емес.
Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.
Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек.
Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар – биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық қызмет пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұлар отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар салалар.
Нақ осы бағыттар бойынша бізге мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады (Н.Назарбаев).


АЙТЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет