Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет81/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

3-тапсырма. ә) Мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңіз. б) Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.


НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Нарықтық экономика азаматтар мен қоғамның қалай өмір сүруге және экономикалық жағынан қалай гүлденуге тиіс екенін айқындап береді. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктері бар. Ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы сол – оның орталығы болмайды.
Нарықтық экономика қолайлы болуы мүмкін, бірақ ол да жеке адам бостандығының мынадай басты принципіне негізделеді: тұтынушылардың тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны кеңейту, жұмысшының жұмыс және мамандық таңдау, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық экономиканың басқа бір басты сипаттамасы сол – дүкендерде сатылатын көйлектердің және басқа бұйымдардың бағасын мемлекеттік жоспарлау комитеті белгілемейді.
Керісінше, экономикалық конъюнктураны ескере отырып, әрбір сатушы бағаны еркін түрде арттыра, не кеміте алады. Мәселен, көйлектің белгілі бір түрі уақытша сұранысқа ие болса, онда тым болмаса осындай көйлектердің жаңа тобы түскенше, оның бағасы арттырылады. Нарықтық экономиканың осындай да заңдылықтары бар. Сонымен бірге, нарықтық экономика бүгінгі дүниежүзілік экономиканың инфляция, жұмыссыздық, айналадағы ортаның ластануы, кедейлік және халықаралық сауданың шектелуі сияқты көкейкесті мәселелеріне тоқтап отырады.
Сонымен нарықтық экономика дегеніміз – бәсеке, пайда іздеу жолындағы күрес. Нарықтық экономика екі түрлі қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Микроэкономиканың мақсаты – табыс табу. Макроэкономика – бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз, «экономика» сөзімен байланыстырып, сөйлем құраңыз.
Аралас – нарықтық – халықтық – дамыған - артта қалған – құбылмалы – икемді – дүниежүзілік – қолайлы – сыртқы – ішкі – отандық – халықаралық - өркендеген – шектелген.

1 СӨЖ тапсырмасы:


1. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы презентация дайындап, қорғаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет