Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер



бет37/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org
10 қмж 11, mzh.-blp-shyarudy-tr-azalar-shn-mayzy.-zhanuarlarday-blp-shyaru-nmder.-zat-almasudy-soy-nmder., тжб 5, Ақбаян апай, Адалдық, 9 лекция Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі (1)
клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау,
емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты [9, б. 55
Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними].
Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк
кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай
тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып
бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас
т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас,
жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп
негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады.
Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен
тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн
теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.
Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және
қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге
жетуiмен көрiнiс бередi. «Мен»-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi «Мен»
образының соңына жету [1, б. 32-36 Абульханова К.А. Психология и
самосознания личности].
Барлық қажеттiлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiр-бiрiн
толықтырып отырады. Өзiн-өзi сыйлау және «Мен» тұтастығы, олар өзiн-өзi
тану қажеттiлiгiн күшейтедi. Өзiн-өзi тану қажеттiлiгi басқа да қажеттiлiктердiң
қанағаттануымен жеңiлдетiледi. Мысалы, өзiңе талапты қоя бiлу үшiн, ең
алдымен өзiңдi бiлу қажет, ал өзiңдi жақсы бiлсең тұтастығыңды құрай аласың
және «Мен» образына ешқандай қарама-қарсылық тумайды.
Мұндай қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы өзiндiк дамуымен байланысты.
Өзiңдi бiлу үшiн және өзiн-өзi тану қажеттiлiктi күшейту үшiн, көбiрек қарым-
қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшiн өзiңдi жақсы бiлу қажет, ал
бұл жетiстiктегi қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жүзеге асады. Жетiстiкке
жету үшiн де өзiңдi бiлген жөн.
С.М. Жақыпов жекt мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның
танымдық іс-әрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас
жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-әрекетке байланыстығын, мағына
және мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп әрекет
етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-әрекеттің ортақ
обьектісінен және іс-әрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара
сәйкестілігінен байқалады, ол әрекет тиімділігіне едәуір әсер етеді [8, б. 47
Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений //



Теоретические


и
прикладные
проблемы
социолизации
личности:
Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ].
А.А. Бодалев өзін-өзі танудың оптимальді мүмкіндігі адамдармен қарым-
қатынас негізінде көрінеді, ал субьективті маңыздылығы субьект жағынан
құндылықтар қатынасымен қарастырды. Мұндай қатынас негізінің сапасында
субьектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар
және өзі жайлы білудің жиынтығы [9, б. 57 Бодалев А.А. О смысле жизни
человека, его акме и взаимосвязи между ними].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет