12.
Патопсихология
– психикалық және соматикалық аурулардағы психикалық
іс-әрекеттің ерекшеліктерін зерттейді.
13.
Парапсихология
– аномальды индивидуалды және әлеуметтік
психологиялық құбылыстарды зерттейді.
1.2. Тұлға және мотивация
Жоспар
1.
Тұлға. Индивид. Даралық.
2.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
3.
Тұлғаның мотивациялық сферасы.
4.
Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы
ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші
мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.
5.
Мотивацияны зерттеу әдістері. Мотивациялық лайықтылық.
6.
Мотивациялық сфераның бұзылуы және еңбек тиімділігінің төмендеуі.
Негізгі түсініктер:тұлға, индивид, даралық, мотив, мотивация
Адам
– белгілі бір қоғамның мүшесі , ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі ,білімі, өзіне тән ерекшеліктері
болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.Мәселен,жаңа
туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес.
Өйткені ,онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе,білім, іс-әрекет т.б.
жоқ . Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан,сезімінен ,талғам ,
мұратынан, бағытынан ,қабілет, қызығуынан жақсы байқалады .
Жеке адам
–
тарихи-әлеуметтік
жағдайдың
жемісі.Ол
әлеуметтік
ортада
ғана
қалыптасады.К.Маркстың айтуынша , жеке адам – «барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы» .
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері , оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық , идеологиялық) тікелей
әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір
сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке
адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында
жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер
өзгермейді деу де қате.Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі
өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып ,
өзгеріп отырады.Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды.
Адам белгілі бір дәрежеде өсу , жетілу процесінде дамиды. Психикалық
қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір
психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін
өзгермейтін нәрсе деп есептейді . Адамның белсенділігі тума қасиетінен , яғни
«психикалық энергиясының » дәрежесінен , «психикалық қуатынан » болады
деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: