Психологияның салалары
Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді.
1.
Әлеуметтік психология
– адамның нақты бір қоғамға жатуымен қамтылған
психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейді.
2.
Зоопсихология
(немесе салыстырмалы психология) – жануарлар
психикасының ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттейді.
3.
Педагогикалық психология
- өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және
тәрбиелеу үдерісінің психологиялық ерекшеліктерін және заңдылықтарын
зерттеумен айналысады.
4.
Жас ерекшелік психологиясы
- түрлі жас кезеңдегі адамдардың
психикасын, олардың тұлғасының, ақыл-ой дамуының қалыптасу үдерісін,
қабылдау, ойлау, ес, қызығушылықтар,, іс-әрекет мотивациясы және т.б.
үдерістерінің жастық ерекшеліктерін зерттейді.
5.
Инженерлік психология
– қазіргі машиналардың техникалық талаптарының
адамның психикалық мүмкіндіктерімен (қабылдау үдерісінің жылдамдығы мен
дәлдігі, зейіннің көлемі мен бөлінуі) сәйкес келу мәселесін шешуге
бағытталған.
6.
Өнер психологиясы
- өнердің әртүрлі түрлеріндегі (әдебиет, музыка,
скульптура) шығармашылық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін,
адамның өнер туындыларын қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, олардың
адамның жеке тұлғасының дамуына әсерін психологиялық талдау беруге
көмектеседі.
7.
Спорт
психологиясы
–
спорттық
іс-әрекеттің
психологиялық
ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
8.
Космостық психология
– космостық ұшу жағдайындағы адам ағзасында
болатын психикалық үдерістер ерекшеліктерін, сондай-ақ психикаға үлкен
физикалық жүктеменің, әдеттен тыс орта жағдайының әсерін зерттеумен
айналысады.
9.
Заң психологиясы
– құқық бұзушылар және қылмыскерлердің
психологиясын зерттейді.
10.
Достарыңызбен бөлісу: |