Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

 Түрткілер мен қажеттер 
Адамды әрәкетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түркі
болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қанда» болмасын 
обьектінің себебін белмей тұрып,адамның бір мақсатқа жетем деген ойын 
қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық 
түсіну қиын болады. 
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске 
түсіп отырады. Осыған орй оның түрткілері де, мақсатқа жету қажетті 
шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарынан 
нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет 
нәтижесіне ерекше әсер етеді. 


Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив 
– оның түрлі қажеттері яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері 
қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптастқан. Сартқы ортамен 
байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен маңыз алған 
материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбңк құралдары т.б.) болады. 
Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек 
құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами 
келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) 
туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттердің 
қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи 
дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамдардың алдына әр-түрлі мақсаттар қойып 
отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін 
бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді іс-әрекет істеуге 
талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп 
өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты 
өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, 
оның күйініш-сүйінішіне әсер етедіқажеттер орындалу тәсіліне қарай 
мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін 
туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың 
күшімен, түрлі теориялық практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге 
мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі 
себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз 
қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса 
адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері яғни оның 
психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе 
табиғи қажеттер)өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет 
өтелмесе, өмір сүруге қажетті жағдайлар болмаса, адам да , да жануар да 
тіршілік ете алмайды.адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да 
маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, 
өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да 
бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері 
олардың қореқтенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, 
тауыық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, 
сілекейін аузынан щұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете 
түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп аң біткеннің бәрі өз қажеттін 
өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажеттер аңдарға іштен туады, олар шартсыз 
рефлексттік сипатта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет