модульде «Ата-аналармен қарым-қатынас» «Көркемдік-эстетикалық даму» конурсқа қатысушы Бекбосынова Аяулым Асқарқызы тапсырма жүргізді. Эксперт ретінде М.Әукзов атындағы педагогикалық колледжден Камаева М



Дата08.02.2022
өлшемі18,78 Kb.
#118388
Байланысты:
отчет

01қараша күні Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша 3-модульде «Ата-аналармен қарым-қатынас» «Көркемдік-эстетикалық даму» конурсқа қатысушы Бекбосынова Аяулым Асқарқызы 2 тапсырма жүргізді. Эксперт ретінде М.Әукзов атындағы педагогикалық колледжден Камаева М.С қатысты. Қорытынды бойынша 28 балл жинақтады.


Тапсырма: 1. «Коммуникация» білім беру саласы,«Көркем әдебиет» бөлімі. Таңдалған көркем шығарманы сахналау.
Мақсаты: көркем шығарманы сахналай білу қабілетін көрсету.
Нысанның сипаттамасы:көркем шығарма Ы.Алтынсарин «Өрмекші, Құмырсқа, Қарлығаш».
Тапсырманы орындауға арналған уақыт лимиті: 2 сағат.
Тапсырманы ұсынуға уақыт лимиті:15 минут.
Тапсырма:
1.Сахналау үшін балалардың жасына сәйкес келетін көркем шығарманы анықтау.
2.Сценарийді әзірлеу.
3. Қағаздан атрибуттар жасау (Балалардың бастарына киетін атрибуттары. Кейіпкерлер бейнеленген суреттер сол жерде беріледі).
4.Сарапшыларға жұмыстың аяқталғаны және сахналық көріністі көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлау.
5.Еріктілермен (мектепке дейінгі жастағы балалармен) көркем шығарманы сахналау.
Күтілетін нәтиже:

  1. Жас тобына сәйкес келетін мақсат пен міндеттерді қамтитын конспекті ресімдеу.

  2. Әдеби шығармаларға талдау жасау, мәтін бойынша әңгіме дайындау.

  3. Еріктілермен (мектепке дейінгі жастағы балалармен) фрагментті көрсету. Ересек топтарда (5-6 жас)



Ы.Алтынсарин «Өрмекші, Құмырсқа, Қарлығаш»
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
— Көремін, өрмек тоқып жүр.
— Анау құмырсқаны көремісің?
— Көремін, аузында бір нанның талшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
—Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.
Тапсырма: 2 . Ересек топта ата-аналар жиналысын әзірлеу және өткізу.
Мақсаты:ата-аналар жиналысын өткізу іскерлігін көрсету.
Нысанның сипаттамасы:ата-аналар жиналысы.
Тапсырманы орындауға арналған уақыт лимиті: 2 сағат 30 минут.
Тапсырманы ұсынуға уақыт лимиті:15 минут.
Тапсырма:
1.Мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2.Материалдар мен жабдықтарды таңдау.
3.Жиналыстың құрылымы мен барысын әзірлеу.
4.Мазмұнды таңдау.
5.Жұмыс аяқталғаны және ата-аналар жиналысын көрсетуге дайын екендігі туралы сарапшыларға хабарлау.
6.Ересектер аудиториясымен ата-аналар жиналысын өткізу(еріктілер).
Күтілетін нәтиже:

  1. Мақсаты мен міндеттерін қамтитын ата-аналар жиналысының конспектісін рәсімдеу.

  2. Еріктілермен фрагментті көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет