Сөз мағыналарының талдануы Әр реестр сөзден кейін саны көрсетілуге тиіс, одан кейін ақын қолданған жеке сөздердің мағыналарына белгілі жүйе бойынша талдау жасалыну керек. Ақын шығармаларының құрамындағы сөздерге «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» негізінде түсінік беріледі. Автор сөзді бірнеше мағынада қолданса, сонша рет анықтама жазылады. Сөздікте алдымен сөздің негізгі (заттық) мағынасы, одан кейін қосымша (ауыс) мағынасы, соңынан ақынның өзіндік сөз қолдану нұсқасы (егер сөз көп мағыналы келген жағдайда) көрсетіледі. Мысалы: Ақ1. 1. Қардың, сүттің түсіндей ақ түс... 2. Ауыс. Адал, кінәсіз, жазықсыз... 3. Окказ. Арақ, ішімдік...