МөЖ: Лексикографиялық сөздіктер: құрылымы, жетістіктері мен кемшіліктері



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі38,6 Kb.
#91733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мөж
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Құлағын кесіп ал. Окказ. Қарсы қайрат істеп көр. Жойқын дейді... Жойқын болса, несі бар?! Жойқын күштің жомарттығын есіңе ал. Жойқын дария, әне, тасып барады, Мықты болсаң, ал, құлағын кесіп ал...(« Жойқын дейді?!»). Құлағын кесіп ал: 107.
Иллюстрациялық материалдар
Реестр сөздің әрқайсысына, омонимдердің, фразеологизмдердің бас-басына Мұқағали Мақатаев шығармаларынан мысалдар келтірілді.
Келтірілген мысалдар мынадай тәртіппен беріледі:
Алынған мысалдар 2012 жылы Б. Айдарова мен К. Ботайдың құрастыруымен шыққан жыр кітабында қалай берілсе, солай алынды, яғни сол формасы сақталып жазылады.
Мұқағали Мақатаев прозаларынан алынған мысалдар тым ұзақ болып келген жағдайда текст қысқартылып алынады.
Егер сөйлем текстінің басынан емес, орта шенінен қысқартылған жағдайда, қалдырылған сөздердің орнына көп ноқат қойылады.
Ақынның өлеңдері сөздікте өлең үлгілерімен емес, қара сөздің жазылу тәртібімен алынады. Бірақ өлеңнің әрбір жолы бас әріппен беріліп отырады.
Алынған әрбір мысалдан кейін ақынның нысанадағы жыр жинағының беті көрсетіліп отырады. Мысалы: Аждаһа: 118; аждаһалар: 119; аждаһаны: 118.
Сөз қолданыстардың тізімі
Жоспардағы сөздікте грамматикалық формалар сөз мағыналарына келтірілген иллюстрациялық мысалдар және оларға қажетті мысалдардан кейін және әр түрлі тұрақты сөз тіркестері және оларға қажетті мысалдар соң көрсетіліп, қай беттен алығаны нұсқалады. Грамматикалық формалар «Абай тілі сөздігіндегідей» жүйеге негізделіп құрылды. Мәселен реестр сөз зат есім болса, ең алдымен, оның жекеше түрінің септелуі, сонан кейін көпше түрінің септелуі, сонан кейін тәуелдік формаларының септелуі белгілі грамматикалық жүйемен алынды. Реестр сөз етістік болса, белгіден кейін алдымен етістіктің райлары (тұйық, бұйрық, ашық, шартты, қалау райлар), бұлардың алдымен болымды түрі, одан кейін болымсыз түрі берілді. Рай формаларынан соң етістіктің көсемше, есімше формалары келтірілді. Бұларды да өзара болымды, болымсыз болып келуіне қарай бірі бұрын, екіншісі соң берілді. Сөздікте етістіктер түбір, туынды түбір алынып, мағыналары ашылып көрсетіледі. Қалған сөз таптары да осындай тәртіппен орналастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет