Байланысты: М ж та ырыбы Квантты механиканы негізгі принциптері Орында ан
Де Бройльгипотезасы Бөлшек пен толқын дуализмін бірінші рет француз ғалымы Луи де Бройль 1924 жылы тұжырымдады.
Де Бройль идеясы бойынша, дуализм тек оптикалық құбылыстарға ғана тән емес, оның универсалды мәні бар, яғни корпускулалық-толқындық қасиеттер тек қана фотонмен бірге, барлық бөлшектерде болады; мысалы, электронда да болады.
Сонымен Де Бройль теориясы бойынша кез келген микрообъектінің бір жағынан корпускулалық сипаттамалары болады: энергия , импульс , екінші жағынан толқындық сипаттамалары болады: жиілік , толқын ұзындығы . Кез келген бөлшектің корпускулалық-толқындық сипаттамалары дәл фотонның сипаттамалары сияқты байланысқан:
, (1)
Еркін қозғалатын бөлшек ретінде қарастырылатын толқын де Бройль толқыны деп аталады.
Кез келген бөлшектің W энергиясы оның импульсіне р тәуелді . Бұл тәуелділік әр бөлшек үшін әр түрлі, (себебі әр бөлшектің табиғаты әр түрлі, мысалы релятивистік емес бөлшек үшін ).
Кез келген толқынның жиілігі оның толқындық векторына тәуелді; Бұл тәуелділік дисперсия заңы деп аталады. Бұл заң әрбір толқын үшін әртүрлі жазылады.
Сонымен, энергиясы өте жоғары емес қозғалыстағы электронға немесе кез-келген бөлшекке толқын ұзындығы
(2)
болатын толқындық процесс сәйкес келеді. Мұндағы және – бөлшектің массасы мен жылдамдығы.
Механикадағы макроскопиялық денелердің толқындық қасиеттері байқалмайды. Мысалы, массасы 1 г дене 10 м/с жылдамдықпен қозғалса, оған сәйкес де Бройльдық толқын ұзындығы . Қазіргі уақытта элементар бөлшектер физикасында м-ге дейінгі арақашықтықта эксперимент жасауға болады, одан аз қашықтықты бақылай алмаймыз. Сондықтан макроскопиялық дененің толқындық қасиетін ескермейміз. Микроскопиялық бөлшектер үшін, мысалы, энергиясы 10 эВ-тан эВ-қа дейінгі электрон үшін Бройль толқынының ұзындығы ≈ м, бұл рентген сәулелерінің толқын ұзындығының диапозоны болып табылады. Сондықтан мұндай электрондардың толқындық қасиеттері рентген сәулелерінің дифракциясы байқалатын кристалдармен шашыратқанда көрінеді.
Де Бройль гипотезасын америка ғалымдары К.Девиссон мен Л.Джемер эксперимент жүзінде электрондар ағынының интерференциясын зерттегенде дәлелдеді. П.С. Тартаковский және Г.П. Томсон бір-біріне тәуелсіз электрондардың металл фольгадан өткен кездегі дифракциясын бақылады. Л.М. Биберман, Н.Г. Сушкин и В.А. Фабрикант (1949 ж.) тәжірибелерінде толқындық қасиеттер микробөлшектер ағынына емес, жекелеген микробөлшектерге тән екенін дәлелденді.