Мөж тақырыбы: Түркі тілдес халықтардың ежелгі дәстүрлі мәдениеті мен әдебиеті Орындаған: Нұрақбаева А. З. Тексерген: Дәрібаев С. Д



бет1/2
Дата18.09.2023
өлшемі33,71 Kb.
#181422
  1   2
Байланысты:
МӨЖ 1 Нуракбаева


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



МӨЖ
Тақырыбы: Түркі тілдес халықтардың ежелгі дәстүрлі мәдениеті мен әдебиеті

Орындаған: Нұрақбаева А.З.
Тексерген: Дәрібаев С.Д.
ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Әрбір елдің мәдени дамуы тарихтың өткен кезеңдерінен басталады. Кез-келген дәуір мәдениеті адамның сананы дамытудағы күш-жігерінің жемісі. Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі түркі өркениетінің тікелей мұрагері. Археология ғылымының дамуы біздің ата-бабаларымыздың дәстүрлері, наным-сенімдері, сәулеті мен өнері бар ерекше мәдениеті болғанын көрсетті. Қазақстан территориясының өзі егіншілік пен мал шаруашылық мәдениетінің симбиозын біріктірген бірегей дала өркениетінің негізі болғаны анық. Қазақ халқының және басқа да түркі тілдес халықтарының мәдени мұраларына қарап, бүкіл Орта Азия түріктердің мұрагерлік жері ретінде қарастырылатындығын байқаймыз.


Түркілер мәдениеті ежелгі түркі елінің қалыптастырған мәдениет түрі болып табылады.Тарихы сонау VI ғасырдан бастау алып, Орта Азия жерінде тарала бастаған бұл мәдениет-қазіргі тарих сахнасына ерен рөл ойнады. Халықтың іргесін қалап, болмысын қалыптастырды.
Түркі тілдес халықтар – Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта өмір сүрген тайпалық одақ. Қазіргі таңда көне түркі ұрпақтары жер жүзінде көптеп кездеседі. Олардың құрамының басым көпшілігін түріктер,өзбектер,қазақтар құрайды. Бұл халықтар өздерін ежелгі ұлы түркілердің ұрпағымыздеп санайды. Түркілердің қазіргі таңдағы ұрпақтары Еуропа елдерінде де белгілі бір дәрежеде кездестіруге болады. Бұдан біз ежелгі түркі тамырының тереңге және кеңге бойлағанын байқаймыз.
Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні, ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше.
Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр, Өзбек мәдениеттері құраса, солтүстік бөлігін қазақ,қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса,оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды. Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды. Мысалы:тұрмыстық заттарында,аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады. Тіпті Түркі мемлекеттерінің туларында да ұқсастықтары аз емес.
Еліміздің Оңтүстігімен шығысында б.з.б 1 мыңжылдықта мекендеген Сақ тайпасы қоғамдық даму үдерісінде мемлекеттік құрылыс кезеңіне келген. Сол уақыттарда Сақ тайпасында мал өсіру шаруашылығы сондай - ақ егіншілікпен қатар темір қорыту да дамыған тұсы еді. Қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасынан үй шаруасына қажет құралдар, түрлі қару- жарақ түрлерін және зергерлік бұйымдарды өндіргенімен қатар тоқыма өнерінен де қалыс қалған жоқ. Жалпы түркілерде кілем тоқу ерте дәуірлерден бастау алған деседі. Олардың өзіндік кілем тоқу техникасы мен өздеріне тән мотивтері болды. Әдемі кілемдердегі мотивтерден кезіндегі түркілердің ойлау жүйесін, әлеуметтік мәртебесін сондай - ақ наным сенімдерін аңғарамыз. Мысалға алатын болсақ, Оңтүстік Сібірдегі ең ескі түркілердің қолынан тоқылған кілем «Пазырык» өңірінде жүргізілген қазба зерттеу жұмыстары кезінде біздің заманымызға дейінгі 5-4 ғасырларда тоқылған «Хун Пазырык» кілемімен бірге табылды.
Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып Қытай деректерінде айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу өнерінің болғандығын мойындағандай. Әрине, барша дүниежүзі тарихта болды деп мойындау үшін айнымас дәлелдер керек екені анық. Олардың бірі Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері - стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге - қаған және Күл - Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері.
Көне түркілерден бері келе, тарихта даму сатысында болған ғылым салалары да көп. Әдебиет және ғылым: жазудың пайда болуымен бірге Моңғолияның және Енисейдің әдеби жанрлары, руникалық мәтіндері - тарихи құжаттар ғана емес, көрнекті әдеби шығармалар да дамиды. Бұл ғылым салалары тек халықтың мәдениетінің қалыптасуына ғана емес, тілдер мен адам санасының дамуынада әсер етті. Исламды таратумен араб тілі кеңінен қолданылады,онда әдеби және ғылыми шығармалар жасалады. Бұлар біз мәдениет пен тілдің бірге тармақтаса қалыптасқанын байқаймыз.
Көне түркі дәуірінде, ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар, түркі дәуірінің ғылыми және әдеби әлемінің жарқын өкілдері: әл Фараби, Юсуф Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Яссауи.
Ерте орта ғасыр кезеңінде түркі тілдес тұрғындар тілшілер болып табылды. Олар аспан мен жерге - суға бас иді, отты құрметтеу, өз нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейство, христиандық таралды. Тағы бір деректерде олардың әруақтарды құрметтегенін байқауға болады. 
Көне түрік тайпалары арасында пұтқа табынушылықтың болғаны жайлы мәліметтер сол тарихи кезеңде орталық Азияда болып өз көзімен көргендерін қағазға түсіріп қалдырған адамдардың жазбаларында кездеседі. Нанымның осы түрі жайында жазба деректерде көптеген мәліметтер келтірілген.
Жерлеу ескерткiштерi ежелгі түріктердің тарихы мен мәдениетін зерттеудің маңызды көзі болып табылады. 1960-1980 жылдары Ежелгі түркі дәуіріне тиесілі жылқымен бірге жерленген зираттар табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет