Мойын аймағы


Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті



бет2/8
Дата24.09.2024
өлшемі3,74 Mb.
#204970
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
532948.pptx

Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті

Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті

m.Sternocleido-mastoideus


Мойынның бүйір қапталында орналасып,жиырылған кезде айқын байқалатын қос қарыншалы ірі бұлшықет.Бұл бұлшықеттің медиальды аяқшасы төс сүйегінің тұтқасының алдыңғы бетінен, латеральды аяқшасы бұғана сүйегінің төстік ұшынан басталады.Бұлшықеттің аяқшалары,өрлеме бағытта өтіп,бір-бірімен өзара бұрыш құрап бірігіп,бұл бұлшықеттің қарыншасын құрап, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі мен шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір қапталына барып бекиді.
Қызметі: Тұлғаны берік ұстап тұрып, жиырылған кезде ,басты бір жағына қарай иеді.Екі жағы бірдей жиырылған кезде , басты артқа қарай шалқайтады.Басты тік ұстап жиырылған кезде,кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.
Нервтенуі:ХІ жұп қосымша нервтің талшықтары,мойын нервтің тармақтары
Қандануы: шүйделік артерия,төс-бұғана-еміздік артерия.
Мойынның тері асты бұлшықеті
m.Platysma seu subcutanea
Өте нәзік және жалпақтау келіп,тері астында орналасқан.Ол куде бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасынан басталып, латеральды бұлшықет талшықтары меншікті шайнау бұлшықеттің және қалқанша бездің фасциялық қабықшасына ұласса,медиальды бұлшықеттік талшықтары ерінді төмен түсіретін бұлшықет пен күлімсіреу бұлшықеттің талшықтарына ұласады.
Қызметі: Жиырылған кезде мойынның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап,бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етеді.Ауыз езуін төмен тартады.
Нервтенуі: VІІ жұп бет ми нервінің,n.facialis, мойындық бұтағы ramus colli арқылы.
Қанмен қамтамасыз етілуі:бет артериясы,беткей мойындық артериясыaa.cervicalis superficialis et facialis арқылы.

Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет