Тұрақсыз, алдыңғы сатылы бұлшықеттің ішкі қапталында кездеседі.Ол ІІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісінен басталып, төмен бағытта өтіп, І қабырғаның алдыңғы сатылы бұлшықеттік төмпешіктің ішкі қапталының тұсындағы ішкі қырына және плевра қапшығының күмбезіне барып бекиді. Қызметі: Омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған кезде, І қабырға мен плевра қапшығының күмбезін көтеру болып табылады. Нервтенуі: Мойын нерві Қандануы: Мойынның өрлеме артериясы
Мойын үшбұрыштары
Мойынның алдыңғы беті тіласты сүйек пен қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы арқылы екі аймаққа бөлінеді.
1 Тіласты сүйек үсті.
2 Тіласты сүйек асты.
Тіласты сүйек үстіндегі бұлшықеттер ауыз қуысы түбін құрайды.Бұл аймақ мойын мен бас арасындағы шекара болып есептеледі.Тіл асты сүйек үстіндегі аймақта ұшбырыштар бар. Иек астылық ,ол тіласты сүйек және қосқарыншалы бұлшықеттердің алдыңғы қарыншаларымен шектеледі.Оң және сол жақ асты үшбұрыщтар ,олар төменгі қырымен және қосқарыншаларымен шектеледі.
Сонымен қосқарыншалы бұлшықет және тіласты сүйек ,тіласты сүйек үстіндегі аймақта <> әріпі тәрізді үшбұрыштар құрайды.
Тіласты сүйек аймағы екі үлкен үшбұрышты және екі төртбұрышты аймақтарға бөлінеді.
Медиалды үшбұрыш
Медиалды үшбұрыш шекаралары медиалды жағынан –ортаңғы сызықпен ,үстінен –қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен ,астынан –кеуде –бұғана –емізік бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектеледі. Медиалды үшбұрышты жауырын –тіласты бұлшықеті-ұйқы және жауырын кеңірдек үшбұрыштарына бөледі.Жауырын кеңірдек үшбұрышы медиалды жағынан кеуде –бұғана-емізік бұлшықетінің алдыңғы қырымен үстінен жауырын тіласты бұлшықетінің жоғарғы қарыншасымен щектеледі .Ұйқы үшбұрышы –үстінен-қос қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен астынан-жауырын тіласты бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен сыртынан кеуде-бұғана –емізік бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектеледі