Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Қалқанша без (glandula thyroidea)



бет13/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Қалқанша без (glandula thyroidea)

Қалқанша без бір-бірімен мойнақ арқылы байланысқан екі бүйірлік бөліктерден құралған және кеңірдекпен, қалқанша шеміршекпен, жұтқыншақпен, өңешпен, сондай-ақ жалпы ұйқы артерияларымен оның ортаңғы үштік бөлімінде жанасады. Бездің мойнағы оның екі бөлігін байланыстырып тұрады және кеңірдектің алдыңғы бетін оның екінші (немесе үшінші) шеміршегі мен үшінші (немесе төртінші) шеміршегі аралығында жауып тұрады.

Бұл тұста бездің мойнаға кеңірдекпен дәнекер тін арқылы тығыз бітісіп жатады және бұл жерде мойнақ пен кеңірдекке ортақ қантамырлары орналасқан. Кейбір жағдайларда бездің мойнағынан немесе бездің сол жақ бөлігінен өсіп шыққан конус тәрізді, ұзындығы 1-2 см болатын өсіндіні (пирамидалық бөлік) байқауға болады. Бұл пирамидалық өсінді қалқанша шеміршектің бүйірлік табақшасында орналасады.

Бездің ішкі заты (паренхимасы) сырты куб тәрізді және призма тәрізді эпителийден тұратын фолликулдардан құралған. Фолликулдардың іші коллоид затымен толған, оның құрамында дийодтароксин гормоны болады. Фолликулдар бездің бөлшектеріне біріккен, ал бөлшектер дәнекер тіндік талшықтармен қоршалған, соңғыларының құрамында қантамырлары, нервтер және лимфа тамырлары бар. бездің сыртқы жағы «өзіндік» немесе «шынайы» қапшықпен тысталған (capsula thyroidea), бұл қапшық бездің паренхимасымен беткей жағында бітісіп жатады да, тереңге бөлшектер арасына кіретін өсінді қабаттар береді. Бездің осы қапшығын сыдырып алу өте қиын, себебі қантамырлары зақымданады. Қапшықтың ең жоғарғы сыртында шамалы шелмай қабаты бар, онда анағұрлым ірілеу қантамыр тармақтары кездеседі. Аталған шелмай қабаты сыртқы жағында тығыздалып, төртінші фасцияның висцералды жапырақшасын құрайды. Бұл фасцияны басқаша «жалған» қалқанша жанындағы фасция деп атайды. Осы фасция бойымен хирургтар безді қоршаған тіндерден қан кетірмей оңай ажыратуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, бұл фасция безді кеңірдекке, сақина және қалқанша тәрізді шеміршектерге берік етіп бекіндіреді, осы себептен қалқанша без жұтынған кезде көмеймен бірге қозғалады. Қалқанша без маңындағы шелмайда бездің бөліктерінің артқы беттерінде қалқанша маңы бездері (glandula parathyroidea) орналасады, бұлар әдетте екі жақты 4 без болып келеді: екі жоғарғы және екі төменгі. Олардың үлкендіктері 2 ден 8 мм дейін, түсі қалқанша без тінінен шамалы өзгешелеу, сарғыш-сұр түсті болып келеді. Бездердің сыртындағы жұқа қабықшасы қалқанша бездің артқы бетіне жабыстырып қоршап тұрады. Қалқанша маңы бездерінің санына, үлкендігіне және орналасатын жерлеріне қарай кездесетін ауытқулары сирек емес, бұл жағдай ағзаларды іздеп табу барысында қиындықтар туғызады. Кейбір жағдайларда бездің орналасатын жерін, оларға қарай бағытталған (негізін) төменгі қалқанша артериясының, сирегірек жоғарғы қалқанша артериясынан, немесе осы аттас вена тамырларынан баратын тармақтар көрсете алады. Қалқанша бездің меншікті капсуласының артқы бөлімі хирургиялық операциялар жасауға «тыйым салынған» аймақ болып табылады, себебі бұл аймақта қалқанша маңы бездерінің, қайырылмалы нервтік және төменгі қалқанша артерияларының өзара орналасуы мен қарым-қатынастары өте күрделі болып келеді.

Қалқанша бездің қанмен жабдықталуы екі жоғарғы қалқанша артерияларынан (сыртқы ұйқы артериясының бұтақтары) және екі төменгі қалқанша артерияларынан (бұғана асты артериясынан бұтақтары), сондай-ақ бесінші артерия – ең төменгі (a.thyroidea ima) тамырынан іске асады. Соңғысы қолқа доғасынан немесе иық-бас бағанасынан басталады, әрі бұл артерия тұрақты кездеспейді, тек 19-20% құрайды. Веналық қан безден аттас веналар арқылы мойындырық, бұғана асты, иық-бас веналарына барады.

Безге нерв тармақтары көмей нервтерінен және симпатикалық бағаналардан келеді. Қалқанша бездің төменгі полюсі тұсында төменгі қалқанша артериясын, әдетте көмейдің төменгі нерві қиып өтеді. Артерияны байлау кезінде (мысалы, қалқанша безге операция жасау кезінде) бұл нервті зақымдап алу, көмейдің дыбыс байламдары мен бұлшықеттерінің қызметі бұзылуына алып келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет