Қалқанша безі топографиялық анатомиясы Қ алқанша без екі бөліктен және ортасындағы мойнақтан (istmus)тұрады .Бездің әр бір бөлігінің жоғарғы және төменгі польюсы болады . Қалқанша безде төртінші фасцияның висеральды жапырақшасынан құралған қынабы болады . Бездің өзінің капсуласы мен фасциальды қабықша арасында борпылдақ клетчатка болады . Онда қан тамырлары мен артерия вена , және қалқанша маңы безі орналасады
Голотопия; Қалқанша безі мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан .
Склетотопия; қалқанша без мойнағы кеңірдектің алдында (I — ІІІ-ш і немесе ІІ-ден IV-ші шеміршектер деңгейінде) жатады
Синтопия бүиірінен Кеңірдек , көмей , өңешке жанасып жатады . Бездің артқы бөліктерінен жалпы ұиқы артериясы, медиальды қалқанша без капсуласының сыртында жатқан , көмейдің қайырылма нервтері жанасып жатыды. Қалқанша безді алдыңғы жағынан mm. sternohyoidei, mm. sternothyroidei және m.omohyoidei жауып жатады.
Қанмен қамтамасыз етілуі; Қалқанша безінін қанмен қамтамасыз етілуі екі жоғарғы қалқанша без артериясы аа. thyreoideae superiors(Сыртқы ұиқы артериясынан кететін ) және аа. thyreoideae inferiors төменгі қалқанша без артериясы арқылы жүзеге асырылады .
Венаотток ;Жоғарғы және ортаңғы қалқанша веналары ішкі мойындырық венасына құяды . Төменгі қалқанша венасы иық бас венасына құяды..
Инервациясы ; Қалқанша безінің нервтері симпатикалық бағандардан және екі көмей нервтерінен пайда болады .
Лимфаотток ;Қалқанша безінен лимфа кеңірдек алды , кеңірдек маңы лимф түйіндеріне барып құяды , одан кейін мойынның терең лимф түиіндеріне барып құяды
Қалқанша маңы безінің топографиялық анатомиясы
Қалқанша маңы безі (glandulae parathyreoidea) төрт денешіктен тұрады . Қалқанша маңы безі қалқанша без капсуласынан тыс орналасқан төрт денешіктен тұрады . әр бөлікте екі екіден орналасады .