СӨЖ 1. (тақырып)
Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.
Қазақстандағы психология ілімінің бастауы
Қазақстандағы бастауы психология ілімінің Қазақ жерінде психология ғылымы сонау ата-баба заманымыздан келе жатқан дүние. Мақал-мәтелдер — халық психологиясының айнасы. Бүкіл халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын колданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп
аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып,
жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпактан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі, т.б. нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан-дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп не
жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдін желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |