Байланысты: Молдрахым Іңкәр ПСИХОЛОГИЯ 1 ДӘРІС СРС СРСП
Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұлар психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-сүр болып, түсі қашады.
Фараби танымның бірінші басқышы — түйсіктер табиғатын дұрыс
түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерімен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелері деуі — ғылыми тұрғыдан өте дәл түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашкы саңлау. Көру
түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Жан — айрықша сапада тұрған қасиет. Жануар мен адамның тән құрылысының өзгешелігіне карай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Адам — жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануардан негізгі, айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі
адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек талпынысымен, мұңмұқтажын жеке жүріп канағаттандыра алмайды. Сондықтан ол баска адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өйткені, жеке жүрген адамның тәні де, жаныда ойдағыдай.
4. Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны.
Қазақ ғұламаларының психологиядағы орны. Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов ,Салкен
Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды. 20-жылдардың аяғында атақты физиолог нобел премиясының лауриаты академик И.П Павловтың лекциясын тыңдаған Санкт Петербург әскери медециналық академиясының түлегі профессор Халел
Досмұхамбетов педология кафедрасын басқарды. Ол академияны алтын
медальмен бітіргеннен кейін (1909ж) Ресейдегі әскерей бөлімшеде
тәжірибелі медецинамен айналысады Революциядан кейін түгелдей ғылыми-педогогиколық психологияға көшеді. Кафедрада сол жылдары Досмұхамбетовтан басқа пофессор Автухов, доцент Белковский,Кеплер,Ситдыков тағы басқалар жұмыс істеді . 30-жылдардың басында педогогика ж/е психология кафедрасын Н.К Круп атындағы Комунистік тәрбиелеу академиясы асперантурасының түлегі профессор Ш.Альжанов басқарады.