екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең — егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарыңда профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынғаң кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — исихология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологаялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.
Кеңестік психология мен шет елдік психология ғылымының бағыттары (реферат қорғау)
Достарыңызбен бөлісу: |