Әдебиеттер тізімі
Уотсон Д.Ж. Молекулярная биология гена.- М.: Мир, 1978
Молекулярная биология: Структура биосинтез нуклеиновых кислот. (под ред. Спирин А.С.).- М.: Высшая школа, 1990.
Молекулярная биология : Структура рибосом и биосинтез белка. (под ред. Спирин А.С.).- М.: Высшая школа, 1996.
Сингер М., Берг П. Гены и геномы . В 2-х томах. –М.: Мир, 1998.
ДӘРІС №5
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ)
ЖОСПАР
РНҚ-ның құрылымы және қасиеті.
Ақпараттық, рибосомалық және транспорттық РНҚ.
Нуклеин қышқылының молекулалық гибридизациясы және ренатурациясы.
Нуклеин қышқылының химиялық деградациясы. Экзо және эндонуклеазалар.
Рибонуклеин қышқылының (РНҚ) құрылысы
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер - А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі, оларды рАМФ, рГМФ, рЦМФ, рУМФ деп бейнелейді.
Нуклеотидтер 51, 31 - фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан РНҚ-ның, полинуклеотид тізбегі полярлы болып келеді, яғни оның 51 және 31ұштары болады.
Сол сияқты, РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылықтары да белгілі.
1) ең негізгі айырмашылығы РНҚ молекуласы қосширатпалы емес бір ширатпалы. Оның 3 себебі бар.
а) біріншіден, РНҚ молекуласындағы пентоза (қант) дезоксирибоза
емес, қосымша гидрокси тобы бар, рибоза болып табылады. Ал,
қосымша гидрокси тобы қосширатпалы құрылымның түзілуін тежейді.
б) екіншіден, РНҚ молекуласында негізгі не мажорлық азоттық
негіздерден тиминнің орнына урацил кездеседі (А, Г, Ц, У). Урацил
тиминнен 5 метил тобының болмауымен ерекшеленеді. Осыған
байланысты А-У арасында гиброфобтық әрекеттесу күші А-Т-ға
қарағанда әжептеуір әлсіз болады. Ал, бұл тұрақты қосширатпалық
құрылымның түзілу мүмкіндігін төмеңдетеді.
в) РНҚ молекуласында (әсіресе т РНҚ-да) өзгерген, модификацияланған минорлық негіздердің және нуклеозидтердің мөлшері өте көп. Олардың ішінде — дигидроурндин (урацилде 1 сутектік байланыс болмайды, яғни 3 сутектік байланыстың орнына 2 болады); псевдоуридин (урацил рибозамен ерекше байланысқан); диметиладенин және диметилгуанин (азоттық негіздерде екі қосымша метил топтары болады). Бұл негіздер комплиментарлы әрекеттесуге қабілетсіз. Осының бәрі қосширатпалы құрылымның пайда болуына кедергі келтіреді.
Сонымен, көпшілікке мәлім РНҚ молекуласының бір ширатпалы болуының орасан зор биологиялық маңызы бар, себебі РНҚ өзінің негізгі қызметтерін тек бір ширатпалы күйінде ғана орындай алады, бұл әсіресе а-РНҚ молекуласына тән: мысалы, қалайша қосширатпалы а-РНҚ рибосомаларда трансляцияланар еді?
Сонымен қатар, РНҚ негізінен бір ширатпалы (тізбекті) болуымен бірге, кейде қосширатпалы «ілмекшелер» де пайда етеді (т-РНҚ).
Құрылысы, қызметтері жағынан түрліше болып келетін 3 түрлі РНҚ белгілі: а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ.
Достарыңызбен бөлісу: |