Молекулалық биология дәрістер жиынтығы Кіріспе


Ақпараттық РНҚ (А-РНҚ) құрылысының



бет39/44
Дата09.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#131244
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
molekulalyk biologiya alpamysova gulzhayna
Аналитикалы ойлау, sol3e placement test answers, sol3e placement test answers, Английский
Ақпараттық РНҚ (А-РНҚ) құрылысының
ерекшеліктері
А-РНҚ молекулаларында полипептид тізбегі туралы ақпарат болатындықтан, олардың жасушадағы жалпы саны өте көп болады. Осыған қарамастан:

  1. а-РНҚ-лардың бәрі жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын ғана құрайды.

  2. а-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бәрінің құрылысы бір-біріне ұқсас, яғни а-РНҚ-ның сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады.

а) оның 51 ұшында «қалпақша» не кэп деп аталатын учаске орналасқан, ол 4-5 модификацияанған нуклеотидтерден құралған:
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаньщ 2' орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-нын мұндай құрылымы оның 51 ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.
б)«қалпақшадан» (кэп) кейін 51 — трансляцияланбайтын учаске орналасқан - ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ-ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
в)инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей —АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код-инициатор).
г)инициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ-ның негізгі бөлімі мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.


Эукариоттардың пісіп жетілген а-РНҚ-лары моноцистронды, ал прокариоттар (бактериялар) а-РНҚ-лары — полицистронды болып келеді.
д) а-РНҚ-нын-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатор-3
мағынасыз кодонның -УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.
е) кодон терминатардан кейін З1 - трансляцияланбайтын учаске
орналасқан, оның ұзындығы 5'-трансляцияланбайтын учаскеден әлде
қайда ұзын.
ж) барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНҚ-сының (гистондық
а-РНҚ-лардан басқалары) З1 ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын
поли-(А) - фрагмент орналасқан.
31-трансляцияланбайтын учаске және поли-(А) фрагмент а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы З1 ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішіңде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиесілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып, информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.


Тасымалдаушы РНҚ-лардың (Т-РНҚ) құрылысының ерекшеліктері
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ -лар болады, оларды Т-РНҚ Т-РНҚ Т-РНҚ т.б деп бейнелейді.
Т- РНҚ молекуласы үлкен болмайды, оңда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішіңде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 %, олар:
-гидроуридин (гУ) және псевдоуридин (пУ) ;
-инозин (И);
-метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ);
-диметилуридин (м2У).
Бұдан басқа т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар» - «ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады .
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі-31 ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшаның болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиесілі аминқышқылы ковалентті байланысады.
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші реттік құрылымы тұрақты болады. Олар
ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп
отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет